Сот Жанболат Мамайға 6 жыл шартты жаза кесті. Саясаткер үкімге наразы
Your browser doesn’t support HTML5
Тіркелмеген оппозициялық "Демпартия" жетекшісі Жанболат Мамай 6 жыл шартты түрде сотталды. Бұған қоса, оның алты жыл бойына саясатқа араласуына, журналистикамен айналысуына, қоғамдық ұйым құруына тыйым салынды. Мамай сотта үкімді мойындамайтынын, оның "саяси астары барын" айтты.