Полицияға ойыншық қарумен қызыл бояу шашқан белсенді Қазиев екі жылға сотталды
Your browser doesn’t support HTML5
Былтыр қаңтарда "Қазақстан — үлкен түрме" атты акция өткізіп, оны полиция күштеп таратып жатқанда полицейлерге қызыл бояу шашқан белсенді Еркін Қазиев екі жылға сотталды. 11 сәуірде Қарасай аудандық сотының судьясы Мәди Көшікбаев белсендіні "билік өкіліне күш қолданды", "экстремистік ұйым қызметіне араласты" деп танып, жазасын қоныс колониясында өтеуді үкім етті. 66 жастағы Еркін Қазиев үкімге келіспейді.