Назарбаевтың "күйеубаласы" Шәріпбаев неге жауапқа тартылмады?
Your browser doesn’t support HTML5
Миллиардтаған активі бар QazaqGaz ұлттық компаниясының басшысы экс-төраға тұсында "былық көп болды" дейді. Компанияның қазіргі төрағасы Санжар Жаркешов Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі делінетін Қайрат Шәріпбаев басқарған жылдары компанияда заңсыз схемалар арқылы ақша ұрланып, тамыр-танысқа жұмыс, үй берілгенін мәлімдеді. Құзырлы органдар Шәріпбаевқа қатысты іс қозғамаған.