Георгий лентасы, "солдат ботқасы", "СССР-де туған". Алматы Жеңіс күнін қалай атап өтті?

Қолына ардагер жақынының фотосын ұстаған әйел. Алматы, 9 мамыр, 2023 жыл

Алматыда "Мәңгілік полк" шарасы болған жоқ. Бірақ жұрт паркке Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жақындарының фотосын ұстай келген. 
 

Парктегі орталық алаңда әскери әндер айтылған тегін концерт болды. 

Мерекелік сауда.

Паркте гүл саудасы да қызды. 

Жұрт гүл алып, ескерткішке қойды. 

Мерекелік құттықтау. 

Парктің бірнеше жерінде "солдат ботқасы" жұртқа тегін таратылды. 

Жұрт "солдат ботқасын" жеуге кезекке тұрды. 

Парктегі шағын шеру.

Парк аумағына әскери техника да қойылды. 

Бауыржан Момышұлы болып киініп алған ер адаммен суретке түсіп жатқан тұрғын. 

Балалар зейнеткердің ордендерін қызықтап тұр. 

Зейнеткерлерге арнап бөлек дастарқан жайылды.

Паркке келген кейбір жұрт шіркеуге кіріп, шырақ жағып, дұға етті. 

Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жақындарының есімін шарға жазып алған әйел. 

"СССР-де туған" деген жазуы бар киім киген тұрғын. 

"СССР-де туған" деген киім кейінгі кезде сәнге айнала бастағаны байқалады. Жұрт мұндай киімді Совет Одағынан қалған мерекелерде жиі киеді. 

Әскери адам Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ескерткішінің алдында тұр. 

Алматыда мыңға жуық адам 28 панфиловшы паркіне барып, Жеңіс күнін тойлады. Биліктің "Мәңгілік полк" шеруін онлайн өткізу керек дегеніне қарамастан, Алматыдағы шараға жиналғандар ардагер жақындарының суретін алып, "Георгий лентасын" тағып келді.