Қандастар көші-қон полициясына өткізген құжаттарын таба алмай жүр
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына Қытайдан көшіп келген ондаған тұрғын бірнеше жылдан бері Қазақстан азаматтығына қол жеткізе алмай жүр. Олардың айтуынша, азаматтық алу үшін жазған арыздары мен жинаған құжаттарын көші-қон полициясы жоғалтып жіберген.