6,5 жыл түрме. ҚазҰУ ректоры Түймебаевтың ұлының қазасы бойынша үкім шықты
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыдағы Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 26 жастағы Елнар Қансейітті атты делінген әскери қызметкер алты жарым жылға сотталды. Әскери сот Талдықорғандағы 18404 әскери бөлімінің қызметкері, 35 жастағы аға сержант Серікбол Мұратханды Қылмыстық кодекстің «Билікті асыра пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сотталушы үкімке келіскен жоқ.