"Мырзақамақ". Қонаев бес жыл қысымда отырды. Назарбаев ше?
Your browser doesn’t support HTML5
Қаңтар оқиғасынан кейін Нұрсұлтан Назарбаев ел алдына сирек шығатын болды. Баспасөзге сұқбат бермейді, пікір айтпайды. 1986 жылы биліктен кеткен Дінмұхамед Қонаев та бес жыл ешқайда шықпаған. Оған халықпен кездесуге, баспасөзге сұқбат беруге тыйым салды. Совет одағы ыдыраған соң ғана халық алдына шығып, "мен зейнетте жүрген адаммын" деп ел аралады. 2019 жылы биліктен кетсе де саясатта қалған Назарбаев та елге жиі көрінген еді. Бірақ Қаңтар оқиғасынан кейін зейнеткер екенін айтып, тасаға кетті.