"Үйінен Құран шыққан". Біләл Шыңжаңда қамалған ағасына араша сұрайды
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы облысында тұратын Біләл Рахым Қытайдың Шыңжаң өлкесінде тұратын ағасы Ғұсман Рахымұлының қамалғанын айтады. Оның сөзінше, бұрын ауылда имам болған бауырының үйінен Құран табылған. Біләл Рахым Қазақстан билігінен сырқат ағасын қамаудан босатуға көмектесуді сұрайды.