Түрмедегі азап, Тоқаевтың тойы, Ақордадағы ауыс-түйіс
Your browser doesn’t support HTML5
Ақмола облысы Атбасар қаласындағы колонияда отырған азаматтық белсенді Тимур Дәнебаевты түрме қызметкерлері азаптап жатқан видео тарады. Дәнебаев былтыр қаңтар дүрбелеңінен соң президентті "20 мың бандит" деген мәлімдемесіне орай сотқа тартпақ болған. Қаңтар дүрбелеңі кезінде жиналған жұртты балағаттап басы дауға қалған Қанат Бозымбаевты президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне кеңесшісі етті. Тоқаев тағы бірнеше министрді ауыстырды. Жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығын Жетісу облысы айрықша тойлады. Әкесінің құрметіне өткізілген іс-шараға баласы президент Қасым-Жомарт Тоқаев бармады.