"Шал, кет!" деп қазір де айтамын". Алматылық Әділет Мусин бостандыққа шықты
Your browser doesn’t support HTML5
Қаңтар оқиғасына алаңда болып, "Шал кет!", "Алға, Қазақстан!" деп ұрандап, сотталған алматылық Әділет Мусин жазасын өтеп шықты. Оның бүгін апелляциялық шағымы қаралып, алғашқы сот үкімі өзгеріссіз қалды. Бірақ жаза мерзімі өтелгендіктен Мусин сот залынан босатылды.