Әкімдіктен өтемақы ала алмай жүрген Шымкент тұрғыны жолды жауып тастады
Your browser doesn’t support HTML5
"Әкімдік жерімді алып, уәде етілген өтемақыны төлемеді" деген Шымкент тұрғыны Бақытжан Ошақбаев жолды жауып тастады. Тас түсірілген жолдан өте алмай қалған халық шулап, оқиға орнына полиция келді. Әкімдік өкілдері тұрғынға тиісті өтемақы төленбегенін мойындады.