Аралдың ахуалы, "Дикий Арманның" соты, Дәнебаевтарға "қысым" – AzatNEWS ┃15.09.2023
Your browser doesn’t support HTML5
Арал теңізінің ахуалы қиын. Орталық Азия президенттері бас қосқан жиында өңірдегі су мәселесінің қиындап бара жатқаны айтылды. Теңізді құтқару мүмкін бе? "Дикий Арман" мен оның сыбайластарына байланысты соттың алдын ала тыңдауы жалғасты. Тараптар істің ашық не жабық өтуіне келісе алмай жатыр. Атбасар түрмесінде азапталған Тимур Дәнебаевтың туысы тергеушілерден қысым көріп жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, азаптаудан соң қозғалған қылмыстық істі құзырлы орган құпия етіп тастамақ. Азаттық сауалдарына жылдам жауап бермеген Ақмола прокуратурасы ресми хат жолдауды сұрады.