Самат Әбішті тергеу, Таулы Қарабақтағы атыс, Байденге үндеу - AzatNews | 19.09.2023
Your browser doesn’t support HTML5
Әзербайжан Таулы Қарабақта армян әскерилеріне қарсы "арнайы операция" бастағанын мәлімдеді. Бас прокуратура экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Құзырлы орган мәлімдеуінше, Самат Әбіш "Қаңтар оқиғасына байланысты күдіккен ілінген". Халықаралық құқық қорғау ұйымы С5+1 саммиті қарсаңында АҚШ президентін Орталық Азия басшыларынан адам құқығын қорғауды, саяси қудалауды тоқтатуды талап етуге шақырды. Алматыда Қаңтар оқиғасына байланысты сот процестері жалғасып жатыр. Қалалық соттағы процеске сотталушылардың жақтастары кіре алмады.