Азия ойындары: Қазақстанның 8 алтыны
Джиу-джитсудан 69 келіде Нұржан Батырбеков Азия ойындарының чемпион атанды. Ол финалда Мохамед Әлсуаидиды (БАӘ) жеңді. Екі спортшы да 21 жаста. Хуанжоу, 5 қазан 2023 жыл.
Нұржан Батырбеков тұғырда тұр. Хуанжоу, 5 қазан 2023 жыл.
Каратэ кумитеден Нұрқанат Әжіқанов 75 келіде чемпион атанды. Ол финалда иорданиялық Хасан Масаруэхті 8:0 есебімен уақыттан бұрын жеңді. Ажықанов биыл 75 келіде Азия чемпионы атанған. 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Хуанжоу, 5 қазан 2023 жыл.
Велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста қазақстандықтар Евгений Федоров (ортада) алтын, Алексей Луценко (сол жақта) күміс медаль иеленді.Екеуі мәреге бірге келіп, 31 жастағы Луценко 23 жастағы Федоровтың мәрені бірінші болып кесуіне мүмкіндік берді. Хуанжоу, 5 қазан 2023 жыл.
Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко жекелей жарыста чемпион атанды. 31 жастағы велошабандоз 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында жекелей сында алтын, 2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен Азия ойындарында жекелей және топтық жарыста екі алтын алған еді. 4 қазанда Луценко топтық сынға қатысады. Хуанжоу. 3 қазан 2023 жыл.
Қазақстандықтар Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров каноэмен 500 метрге жарыста алтын медаль иеленді. Олар финалда Жапония мен Иранды артқа тастады. Хуанжоу. 2 қазан 2023 жыл.
Сергей Емельянов (сол жақта) пен Тимур Хайдаров (оң жақта) тұғырда тұрған сәт. Хуанжоу. 2 қазан 2023 жыл.
Стенд атудың скит бағдарламасында Әсем Оралбай мен Эдуард Ещенко Азия чемпионы атанды. Олар финалда Кувейт спортшыларынан басым түсті. Хуанжоу. 28 қыркүйек 2023 жыл.
Стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы (Зоя Кравченко, Әсем Орынбай, Ольга Панарина) командалық жарыста алтын медаль иеленді. Күміс пен қоланы Қытай мен Таиланд құрамасы алды. Хуанжоу. 27 қыркүйек 2023 жыл.
18 жастағы Зухра Ирназарова 10 метрлік жүгірмелі нысананы атудан алтын медаль алды. Күміс пен қоланы Солтүстік Корея спортшылары иеленді. Хуанжоу. 28 қыркүйек 2023 жыл.
Азия ойындары 7 қазанда аяқталады. Азия ойындарында медальдардың жартысы сарапқа салынып бітті. 2 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстан 4 алтынмен үздік ондыққа енбей тұр. Қазақстан 1994, 1998, 2002. 2006. 2010, 2014 жылдары кемі 18 алтын алып, жалпы есепте үздік бестікке енген. Ал 2018 жылы 15 алтынмен 9-орын алған.