"Саясат қой". Мәскеуді сынаушы Галкиннің Қазақстандағы концерті өтпейді
Your browser doesn’t support HTML5
Кремлдің саясатын сынаушы, соғысты айыптаушы ресейлік әртіс Максим Галкиннің Қазақстанда жоспарлаған концерті өтпейтін болды. Алматы мен Астанадағы екі сарай да бір уақытта жөндеуге жабылған. Әртістің өзі инстаграм парағында арнайы пост жазды. Ал қарапайым тұрғындар бұдан "саяси астар" көреді.