Кеншілермен қоштасу, апатқа кінәлілер, талқандалған Газа - AzatNEWS | 31.10.2023
Your browser doesn’t support HTML5
Қарағанды облысында Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кеншілерді туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Бүгінге дейін 37 марқұм жерленген. Үкімет шахтадағы жарылысқа "АрселорМитталТеміртау" компаниясын кіналайды және кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтарып алуға кіріскен. Алайда үкіметтің өз жауапкершілігі қайда қалады? Израиль Газаға шабуылын үдетті. Палестиналықтар көшеде мәйіттер шашылып жатқанын айтады. Бүгінге дейін мерт болғандар сегіз мыңнан асқан.