Уақыт белдеуін өзгерту Шығыс Қазақстан халқына қалай әсер етеді?
Your browser doesn’t support HTML5
Ашық үкімет порталында Қазақстанды бірыңғай уақыт белдеуіне көшіру туралы қаулы жобасы талқыланып жатыр. Жобаға сай, Астана уақытымен жүретін 12 облыс пен үш мегаполистің уақыты бір сағат кейін шегеріліп, батыс облыстармен теңестіріледі. Бірақ бұған көпшілік наразы. Азаттық жаңа өзгеріс қабылданса, өзінің географиялық белдеуінен айырылатын Шығыс Қазақстан халқының пікірін сұрап көрді.