Судья адвокат Жуаспаеваны лицензиясынан айыруды сұрады. Қорғаушы мұны "қысым" дейді
Your browser doesn’t support HTML5
Саяси астары бар делінетін соттарда қорғаушы болып жүрген Гүлнар Жуаспаева "адвокат лицензиямнан айырылуым мүмкін" деп қауіптенеді. Таяуда Алматыдағы аудандық сот оған жеке қаулы шығарып, бірнеше айып таққан. Бұл — Жуаспаеваға биыл судьялар шығарған екінші жеке қаулы.