Назарбаевтың тағы бір ескерткіші алынды, журналистер кибершабуыл туралы шағым айтты
Your browser doesn’t support HTML5
Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ескерткіші алынды. Астанада әскери университет алдына қойылған монументттің қоймада жатқан суреті тарады. Азаттық тілшілері оқу орнына барды. // Халықаралық құқық қорғау ұйымы 2023 жылғы есебінде Қазақстанда ой еркіндігі шектелгенін, билікті сынаушылар қамалатынын мәлімдеді. // 7 ай қамауда жатқан журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрімді тергеу аяқталып, іс сотқа кетті. Ал елдегі тәуелсіз медиажобалар кибершабуылға ұшырап жатыр.