"Органнан шыққан адамдар". Кәрбозов басқаратын компания күзетшілері ереуілдеп тұр
Your browser doesn’t support HTML5
Маңғыстау облысы Жетібай кентіндегі кен орнын күзетін жүздеген адам наразылыққа шықты. Олардың сөзінше, басшылық жұмысшыларға қысымды күшейтіп, тиісті еңбекақыны толық төлемей отыр. Күзетшілер — тікелей "ҚазМұнайГазға" қарайтын KMG-Security компаниясында істейді. Оның басшысы — ҰҚК-нің бұрынғы орынбасары, Кеден комитетінің бұрынғы басшысы Қозы-Көрпеш Кәрбозов.