Қытай консулдығы алдындағы наразылық
Your browser doesn’t support HTML5
Бүгін Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында жергілікті тұрғындар тағы да наразылық білдіріп, Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрады. Олар мұндай акциясын үш жылдан бері өткізіп келеді. Бүгін де оларға әкімдік өкілі «жауапқа тартыласыңдар» деп ескерту айтып кетті.