Өскеменде жетім баланың жәрдемақысына ескі пәтер алып берген. Ол бұған наразы
Your browser doesn’t support HTML5
Өскемен тұрғыны Шыңғыс Құрманхан — ата-анасыз қалған жасөспірімдер үйінің түлегі. Үшінші топ мүгедектігі бар. 2017 жылы әкімдік жанындағы Жасөспірімдер үйі Шыңғыстың жылдар бойы жиналған жәрдемақысына баспана сатып алып берген. Жас жігіт өзіне тиесілі қаржының әбден тозған, тышқан мен қоңыз басқан пәтерге жұмсалғанына наразы.