Назарбаев Жоғарғы кеңесті тағы да таратарда Конституциялық сотты қалай пайдаланды?
Your browser doesn’t support HTML5
1990 жылдары 12 және 13-сайланған Жоғарғы кеңес бірінен кейін бірі таратылды. Екіншісін таратарда Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық сотты пайдаланды. «Сот шешіміне амалсыз бағынатынын» мәлімдеді. Артынша Конституциялық сотты Конституциялық кеңеске айналдырып, өкілетін кесіп тастады. Саяси сарапшылар мұны Назарбаев өз билігін күшейту үшін жасады деп санайды.