Коммуналдық қызмет қымбаттағанына әсіресе саяжай тұрғындары наразы
Your browser doesn’t support HTML5
Наурыз айынан бастап Ақтөбеде жарық 40 пайыздай қымбаттауы мүмкін. Бұл халықтың наразылығын туғызып, жұрт қымбатшылыққа қарсы петиция жариялап, қол жинай бастады. Жарықтың қымбаттайтынына әсіресе қала іргесіндегі саяжай тұрғындары қатты наразы. Саяжайлардағы желі қала балансына алынбаған.