Қытайлық компания қазақстандықтардың жеке дерегін жинап келген
Your browser doesn’t support HTML5
Америкалық GitHub платформасында әлемдегі мыңдаған азаматпен бірге қазақстандықтардың да жеке бас дерегі тарап кетті. Деректер базасын қытайлық компания шпиондық қосымшасы арқылы екі жыл бойы жинаған болуы мүмкін. Шетелдік басылымдар «компанияның азаматтар туралы ақпарат жинауына тікелей Қытай билігі тапсырыс берген» деп жазды. Пекин бұл айыптауларға әлі жария жауап бермеді.