Ішкі істер министрлігі Түркістан облысы Сарыағаш ауданында діни сабақ берген ер адам балаларды ұрып-соқты деп күдікке ілінгенін хабарлады. Күдікті "балалардың ата-анасы осылай жазалауға рұқсат бергенін" айтады. Оның сөзін кейбір ата-ана растап отыр. Қоғам өкілдері бала ұру - қылмыс дейді. Азаттық тілшісі Дилара Иса осы оқиға болған орталыққа барып, тараптарды тыңдап қайтты.
Сарыағашта балаларға діни дәріс беріп, "ұрып жазалаған" адам тергеліп жатыр
Your browser doesn’t support HTML5
Ішкі істер министрлігі Түркістан облысы Сарыағаш ауданында діни дәріс берген азамат балаларды ұрып-соқты деп күдікке ілінгенін хабарлады. Молда "балалардың ата-анасы жазалауға рұқсат бергенін" айтады. Кейбір ата-ана оның сөзін растайды. Қоғам өкілдері бала ұру - қылмыс дейді.