Алматы іргесінде тағы лай көшті. Тұрғындар мұны «бақылау жоқтығынан» көреді
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы облысы Бесағаш ауылында таудан лай көшіп, бірнеше үйді бүлдірді. Бір үй күреліп тасталды. Биліктің «апат табиғи себептен болды» дегеніне жергілікті тұрғындар сенбейді. Олардың сөзінше, тау іргесіндегі тұрғындар кәріз суын жылдар бойы топыраққа ағызып келген, ал әкімдік оны тексермеген.