Зеленский Орталық Азия президенттерін "Бейбітшілік саммитіне" шақырды
24 мамыр күні Украина президенті соңғы күндері Ресей шабуылы үдеген Харьков қаласына барды. Ол шабуылдан күл-талқаны шыққан баспахана аумағында Орталық Азия журналистеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.
Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан журналистері қатысты.
Журналистер сұрағына жауап бере отырып Зеленский соғыста Украина жеңетініне сенімді екенін білдірді
Харьков қаласында Ресейдің шабуылынан тас-талқаны шыққан баспахана орны.
Баспаханаға шабуылдан кемі 7 адам қаза тапқан
Украина мұрындық болған «Жаһандық бейбітшілік саммиті» Швейцарияда 15-16 маусым күндері өтпек. Оған 140 мемлекеттің басшылары шақырылған. Тізімде Ресей президенті Владимир Путин жоқ.
Баспахананы атқылау кезінде украин тілінде 50 мыңнан аса кітап өртеніп кеткен.