БҰҰ-да бейбітшілік туралы сөз болып жатқанда Ресей Украинаны атқылады
Your browser doesn’t support HTML5
Әлем елдері Нью-Йоркте жиналып, негізінен бейбітшілікті сөз етіп жатқанда Ресей Украинаның Харьков, Запорожье, Донецк облыстарын атқылап, кемі үш адам қаза болды. Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде Ресей мен Украина арасындағы соғысты жай ғана келіссөзбен емес, Мәскеуді мәжбүрлеу арқылы ғана тоқтатуға болады деді. Ресей өкілі ядролық қаруды қолдану мүмкіндігін тағы да еске салды.