АҚШ президент сайлауында республикашыл кандидат Дональд Трамп "құбылмалы штат" саналған Джорджияда жеңіске жеткелі отыр. Бұл туралы бюллетеньдердің 98 пайызы саналғаннан кейін CNN, NBC News және Associated Press хабарлап отыр.
Осының алдында ғана Трамп тағы бір "құбылмалы штат" – Солтүстік Каролинада жеңімпаз атанған. Ол қалған бес "шешуші штатта" – Аризонада, Мичиганда, Невадада, Пенсильванияда және Висконсинде алда келе жатыр.
Джорджия штатында сайлаушылар алқасының 16 делегаты бар. Осылайша, қазір Трампта 246 делегаттың, Демократиялық партияның кандидаты Камала Харристе 214 делегаттың дауысы бар.
Америкалық New York Times газетіні сүйеніп отырған компьютерлік модель президент сайлауында Дональд Трамп жеңуге жақын деп көрсетіп отыр.
Мұның бәрі алдын ала нәтиже, ақырғы нәтиже әлі шыққан жоқ. Қазіргі болжам бойынша Трамп сайлаушылар алқасының 301 дауысын алуы ықтимал. Жеңіске жету үшін оған 270 дауыс жеткілікті. Әзірге Харристе 237 делегат даусы бар.