Тәуелсіздік монументінің жанына жиналған «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының белсенділері Астанада заңсыз наразылық шарасын өткізді деген айыппен қамауға алынған қозғалыс жетекшісі Есенбек Өктешбаевты босатуды талап етті. Сондай-ақ, белсенділер сәуірдің үші күні өтетін президент сайлауына да қарсылығын танытты. Алматы, 25 наурыз 2011 жыл.