Барак Обаманың президент болуымен Ақ үйде тағы бір жағымды жаңалық орын алды. АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обаманың 71 жасар анасы Мариан Робинсон Ақ үйге президент отбасымен бірге енген алғашқы әже болмақшы
АҚШ президенті Барак Обаманы ұлықтау салтанатында оның қос қызының қасында жылы жүзді әже Мариан Робинсон тұрды. Немерелері 10 жасар Малиа мен 7 жасар Саша әжелері қастарында болғандықтан шығар әке-шешесі жаққа көп жалтақтамастан, өздерін еркін сезініп тұрысты.
Соңғы екі жылда Барак және Мишель Обамалар өздеріне тән белсенді істерімен, әсіресе сайлауалды науқандарында ел аралап, халықпен кездесіп, қолдары босамады. Осы жылдардың бәрінде олар қос қызы үшін алаңдаған емес. Себебі олар мейірімді әжелерінің үйінде болатын.
Әжелерінің Чикагодағы бір қабатты шағын баспанасы Малиа және Саша Обамалардың сүйікті мекеніне айналған болатын. Себебі олар онда мынау жарық дүниеде басқа еш жерден кездестіру мүмкін емес мейірімге, туған әжелерінің мейіріміне бөленуде еді.
Жергілікті газеттердің жазуынша, Робинсон әже қос немересіне Обамалар жасайтын жағдайдың бәрін де қолынан келгенінше ұйымдастырып, көмектесіп жүрді. Қыздарды мектепке, басқа да үйірмелерге апарып, әкеліп, тамақ әзірлеп, үй тапсырмаларын орындауға көмектесіп, жаны қалмайды екен.
Робинсон әже тіпті немерелерінің бойындағы қызы Мишель қалыптастырған дағдыларды да сол күйінде орындап жүрді. Мысалы, қыздардың сағат кешкі 8 жарымда ұйықтауға әзірленуі мен олардың тек қана денсаулыққа пайдалы тамақтар ішулері сияқты ережелердің бәрін де ол ұстануға тырысуда.
Дей тұрғанмен, Робинсон ханым басылымдарға берген аз ғана сұхбаттарының бірінде, өзіне салса немерелерін мейлінше еркелетіп, еркін ұстағысы келетінін мойындаған екен.
Желтоқсан айында Обама отбасы Чикагодағы үйлерінен Ақ үйге қарай көшуге әзірлікке кіріскен кездерінде, жаңа сайланған президент те, оның зайыбы да Робинсон әжеге қолқа сала бастайды. Бірақ “Ақ үйде бізбен бірге тұрсаңыз...” деген өтінішке Робинсон ханым бірден келіспеді.
Ең дұрысы Ақ үйге жақын жерді мекен етіп, немерелерімен жиі араласып тұруды ұсынған екен. Оның себебін Робинсон ханым:
-Ақ үй маған музей сияқты көрінеді. Музейде қалай ұйықтауға болады?-деп түсіндірген екен.
Алайда президент Барак Обаманың басы бүтін мемлекеттік істерден, ал Мишель Обаманың бірінші ханым міндеттерінен қолдары босамайтындығын алға тартқаннан кейін ғана қос немересіне деген шексіз махаббат Робинсон әжені Ақ үйдің жеке тұрмысқа арналған жағында тұруына келісуіне итермелеген екен.
Демек Малиа мен Саша әке-шешелерінің қастарында болмағандарына көп алаңдай қоймайды. АҚШ президенттері тарихын зерттеуші мамандардың айтуынша, осылайша Робинсон ханым немерелерінің тәрбиесімен тікелей айналысу үшін Ақ үй босағасын аттаған алғашқы Әже болып отыр.
Бір шаңырақ астында бірнеше ұрпақтың бірге өмір сүруінен, рухани, психологиялық тұрғыда, оның әрбір мүшесіне келер көл-көсір игілік бар. Осы бір имандылыққа толы қадамды тұтас қоғамға дәлелдеуде бұл бір керемет үлгі болды дейді мамандар.
Президент Барак Обаманың өзі әжесі мен атасының тәрбиесін көріп, ер жетті. Обама президенттік жарыста жеңіске жетерінен бір күн бұрын 86 жасар әжесі Маделин Дунхам бұл жарық дүниемен қоштасқан болатын.
Сонда болашақ президент қатты қайғырып тұрып: “Әжем өз бойындағы бүкіл мейірімін маған төккен еді”-, деген болатын.
Мүмкін Барак Обама сондай немерелік бақытқа қос қызының да бөленуін қалаған шығар...
Ал біздің ойымызға бесікте әже әлдиімен тербеліп, атасының даналық әңгімесімен, әжесінің қызықты ертегілерімен ер жеткен қазақ отбастарындағы бақытты немерелер оралған болатын.
Солардың көбісімен өмірдің түрлі кезеңдерінде дос-сырлас бола жүріп, олардың небір биік адамгершілік қасиеттеріне куә болған едік. Келін боп түскен үйінде әжесі бар болса, соны қуана сүйіншілейтін. Енесін туған шешесіндей сыйлап, ол кісіні өз балаларына ғажайып әже етіп көрсетуге тырысушы еді.
Ұлы Жаратушымыз пенделерінің әрбірінің отбасында осындай сүттей ұйыған жарасымның болуына бұйырған ғой.
Ойымызға ұлы Абай оралып отыр. Абайдың Абай болуына Зере әжесінің мейірімге толы қаншама парасаты, даналығы сіңді десеңізші!
Қазақтың небір зиялы ұлдары қайталанбас болмыстарының талай қырлары үшін ата-әжелеріне де мәңгі қарыздар-ау.