26-ші қараша күні Қазақстан баспасөз клубының ұйымдастыруымен Алматы қаласында журналистер мен саяси сарапшылардың және үкіметтік емес ұйымдардың басын қосқан бірінші Медиа Құрылтай өтті.
Аты айтып тұрғандай, бұл басқосуда қазақстандық ақпарат құралдарының төңірегіндегі мәселелер кеңінен талқыланды. Осы жиында сөз алған сарапшылардың басым бөлігі қазақстандық ақпарат құралдарының дамуы мен биліктің жүргізіп жатқан саясаты бір-біріне қарама қайшы деген пікірлер айтты.