Пәтерлерін банкке кепілдікке қойып, несиелерін төлей алмаған борышкерлер Үкімет қор құру арқылы дағдарыс жағдайынан құтқарады дейді. Үкімет бюджеттен игерілмей қалған қаржыны қорға құюды ұсынады.
3 жасар немересін қолына алған 63 жасар зейнеткер Жамал Ырысова қазір дүние-мүліктерін жинастырып, буынып-түйініп отыр. Бірақ әзірге қайда баратыны белгісіз. Ол 3 бөлмелі пәтерін ұлының банкке кепілдікке қойып, қазір баспанасынан айырылғалы отырғанын айтады:
- Ұлым бір жыл бұрын АТФ банкінен 60 мың доллар несие алып, бизнеспен айналыспақшы болды. Бірақ Қытайда тапсырыс берген тауарларының жартысын сол жақта жоғалтып, қалғаны ақаулармен жеткізілген. Өзі жұмыссыз қалды. Шілде айының ортасынан бастап ай сайын төленетін 1 мың доллар несиесін бере алмады. Енді банк осы аптаның ішінде қарызды жаппасаңдар, пәтерден кетесіңдер деп отыр.
Жамал Ырысованың айтуынша, банкпен келісім-шартта пәтер 60 мың долларға бағаланғанына қарамастан, пәтерді банк енді 30 мың долларға сатпақшы. Қалғанын оның жұмыссыз ұлы төлеуі керек.
«Баспананы халыққа қалдырайық» қоғамдық ұйымының төрайымы Эльмира Искакова мұндай қиын жағдайға тап болғандар саны Алматы қаласында 600-ге жеткендігін хабарлады. Олардың қатарына Астана, Орал, Шымкент қаласындағы несие алушылар да қосылмақ. Эльмира Искакова күрделі жағдайды реттеуге күйзеліс активтері қоры (фонд стрессовых активов) көмектеседі деп үміттенеді.
- Бірақ қордың қандай механизммен жұмыс істейтінін білмеймін. Бұл қор біздің ипотекалық несиелерімізді сатып ала ма? Әлде банкпен екі арадағы уағдаластықты қайта қарай ма? Ол жағы әлі Қаржыгерлер қауымдастығының көмегімен екшеленіп, талқылануы тиіс. Ең бастысы – бұл қор біздің мәселемізді шешуге көмектесуі керек.
8 қыркүйекте ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов 9 айдың ішінде игерілмеген бюджет қаржысын дағдарыс активтері қорына құюды ұсынған. Ол биылғы жылдың бюджетін нақтылап, депутаттарға өтініш жасап, қалған ақшаны қорға салатындықтарын мәлімдеген.
«Қорды дұрыс құрудың көп қалтарысты тұстары бар. Мысалы, егер қорға ақша бюджеттен бөлінсе, сонда біздің салығымыз борышкерлерге кете ме? Егер олар банкке қызмет көрсете алмайтындықтарын білсе, ақша алмауы керек еді деген мәселе туады», - дейді Экономикалық сараптама орталығының сарапшысы, экономист Ораз Жандосов. Сондықтан, ол күйзеліс активтері қорының қызметі туралы басқаша пікірде екенін жасырмайды:

- Қазір баспанаға сұраныс жоқ. Банктер де жаңа несиелер бере алмайды. Адамдар да егер сұраныс болған жағдайдың өзінде несие алса, оның арты неге соқтыратынын біледі. Осындай сәтте баға өз деңгейінен тым құлдырамауы үшін бірінші деңгейдегі базарды реттеу керек. Сұраныс қамтамасыз ету үшін қор іске қосылуы мүмкін. Баға қайта өсе бастаған кезде пәтерлерді сатуға болады.
Экономика ғылымдарының докторы Серікболсын Әбділдин Қазақстанға ешқандай да қор керек жоқ, бүгінгі күнге дейін құрылған қорлар жеткілікті деп есептейді:
- Үкіметтің «Қазына», «Самұрық», Ұлттық қоры бар. Оның бәрін тиімді жұмыс жасатқызса, содан пайда көп болады. Қазіргідей қиын жағдайды жасаған борышкерлер де, банктер де емес - мемлекеттің саясаты.
Экономист Әбділдиннің пікірінше, мәселені шешудің заңды жолы – кім кімге ақша қарыз болса, соны оған қайтаруы қадағалануы керек.
- Мысалы, егер банктен несие алып, оны салынып жатқан үйге салған азаматқа оның пәтерін немесе ақшасын қайтарып берген жөн. Оны жүзеге асыруда заң бойынша мемлекеттік тетіктер іске қосылуы тиіс, - дейді экономист Әбділдин.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің II сессиясының ашылуы кезінде Үкіметке және “Қазына” қорына әлемдік озық практиканы ескере, халықаралық қаржы институттарын тарта отырып арнайы қор құру мәселесін тапсыратындығын айтқан:
- Әңгіме кредит үшін кепілге қойылған мүліктердің бағасы түсіп, банктер жұмсаған шығындарды өтемеуі себепті біздің банктердің жағдайы одан әрі нашарлау мүмкіндігі туралы болып отыр. Мұнда мемлекет сол бағаларды төмендету есебінен көмектесе алады. Мұны Үкімет нақты пысықтап, тиісті жекеменшік құрылымдармен келісуі тиіс.
Ол келесі жылдың да қиын жыл болуы мүмкін екенін ескертіп, әлемдік экономикадан туындайтын күрделі де қиын жағдайларға әзір болу керектігіне шақырған.
Ол келесі жылдың да қиын жыл болуы мүмкін екенін ескертіп, әлемдік экономикадан туындайтын күрделі де қиын жағдайларға әзір болу керектігіне шақырған.