Қазақстанда арнайы аймақтан өзге жерде қызметіне заңмен тыйым салынғаннан кейін жасырын жұмыс істеуге көшкен казиноларды заң орындары үлкен қалаларда жиі әшкерелеп жатады. Алайда, көлеңкелі бизнесті біржолата жоюға мемлекеттің дәрмені жетпей отыр.
Қазақстанда 2007 жылы «Ойын бизнесі туралы» заң күшіне енген соң ірі қалалардағы казинолар мен ойын автоматтарының жұмыстары тоқтатылған еді. Заң бойынша елде ойын бизнесін тек екі жерде – Қапшағай мен Бурабайда ұйымдастыруға ғана рұқсат етілген.
Алайда, содан бергі өткен уақыт ішінде құмар ойындары көлеңкелі бизнестің бір түріне айналды. Және оны кәсіп еткендердің қатары азаймай отыр. Алматының ішкі істер департаменті мен қалалық прокуратура бірігіп биыл жыл басынан бері шаһарда 12 жасырын казиноның қызметін әшкерелегенін айтады ІІД өкілі, полиция капитаны Салтанат Әзірбек.
Оның сөзіне қарағанда, олардың 2-еуі үстіміздегі жылдың алғашқы екі айында анықталса, қалғандары соңғы бірнеше күнде әшкере болған. Әдетте, ондай ойынханалар сырт көзге азаматтардың ешқандай ақша салмай, жай ойындармен уақыт өткізетін демалыс орындары секілді көрінеді.
Ал, шын мәнінде, онда заңсыз ойын бизнесі өткізілетінін белгілі адамдар – жасырын казино ұйымдастырушылары мен оларға балға жиналған арадай тұрақты келетін ойынқұмарлар ғана біледі, дейді заң өкілдері. Олардың айтуынша, көлеңкелі бизнесті кәсіп еткендер заңның солқылдақ тұстарын өз ыңғайына пайдаланып, жауаптан сытылуды жақсы біледі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-шы бабы бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет жасағаны үшін жауапкершілікке тарту үшін әлгіндей әшкереленген күмәнді орыннан кемінде 500 айлық есептік көрсеткіштен асатындай ақша қаражаты тәркілену керек. Егер, ондай сома табылмайтын болса, заңсыз ойынханалардың иелері тек әкімшілік жауапкершілікпен шектеледі.
Ал бұл көлеңкелі бизнестен табысты ондаған, жүздеген мыңдап тауып жатқандар үшін түк емес, дейді мамандар. Әйткенмен, құқық қызметкерлері «Ойын бизнесі туралы» заңға енген соңғы өзгерістер астыртын ойынхана басшыларына біршама тосқауыл бола алады деп үміттенеді.
– Үстіміздегі жылдың 1-ші қаңтарына дейін «Ойын бизнесі туралы» заңда көптеген кемшіліктер болды. Бірақ қазір солардың барлығы жойылды. Енді ондай ойынханалардың іс-әрекеттері ешқандай ақшалай сыйлықтарды немесе өзге де заттар мен сыйлықтарды мүлдем көздемейтін болғанда ғана олардың қожайындары жауапқа тартылмайды, – дейді Салтанат Әзірбек.
Сондай-ақ, бұдан былай заң бұзғаны анықталған жағдайда кінәлілерді ҚР қылмыстық кодексінің 190-шы бабының бірінші тармағы бойынша 2 жылға дейін, ал екінші тармағы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Кейбір сарапшылар, мемлекет пен ойын бизнесі арасындағы мәміле қоғам үшін тиімді деген пікір білдіреді. Экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшановтың пікірінше, заң ең бастысы, құмар ойындарының құлы болғандарды құлай берілушіліктен алшақтатып, қарапайым халықтың құқын қорғауға бағытталған.
Қазақстанда ойын бизнесі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында пайда болды. 2007-ші жылғы мәліметте Қазақстан бойынша казиноның саны 140-тай болса, оның 37-сі Алматыда орналасқандығы айтылған.