Маусымның 1-і күні Алматы қаласындағы бір топ зейнеткер әлеуметтік жағдайларының нашарлығын айтып, Қазақстан президентінің Алматыдағы резиденциясының алдына жиналды. Бірақ оларды мұнда күтіп тұрған полиция өкілдері мен қалалық әкімшіліктің қызметкерлері аулаға жібермей қойды.
Алматылық зейнеткер Райхан Әмірбекованың айтуынша, Қазақстанда кезіндегі бейнеттің зейнетін көріп отырған жандар аз. Зейнеткер мысалға өзін келтіреді.
– Мәселен, мен 15 мың теңге көлемінде зейнетақы аламын. Ол мынадай қымбатшылық заманында неге жетеді?! Елестетіп көріңізші! Біз табанымыз тозғанша елге қызмет еттік. 7 жыл қатарынан билікке, «Нұр Отанға» хат жазып келеміз. Бармаған жеріміз жоқ. Наурыздың 18-і күні бізді қала әкімі Есімов қабылдады. Бірақ одан еш нәрсе өзгерген жоқ. Біздің жағдайымызды ешкім ойлап жатқан жоқ. Енді президентке келіп отырмыз. Енді оған бармағанда кімге барамыз, айтыңызшы?! Жақында министр зейнетақыға 99 теңге үстемақы қосылатынын айтты. Біз мұны министрдің мазағы ретінде түсінеміз. Ендеше оған да мазақ жауап береміз. Ол ақша әлі қосылған жоқ. Қосылған кезде барлығымыз сол ақшаны жинап, министрдің өзіне шұлықпен жібереміз, - дейді ашынған зейнеткер Райхан Әмірбекова.
Зейнеткерлердің айтуынша, осы жылдың басында зейнетақыға қосылған 25 пайыздық үстемақының құнын инфляция баяғыда-ақ жеп қойған. Онда да ол барлық зейнеткерлерге қосылмапты. Алматы қаласының тұрғыны Зәуре Қалымбетова:
– Маған мәселен, тек 13 пайыз ғана қосылды. Біздің үкімет жар салып айтқанды жақсы көреді. Бұл кімді алдағаны?!-дейді.
Зейнеткерлерді сонымен қатар әлеуметтік жеңілдіктердің жоқтығы мен қымбатшылық та тығырыққа тіреп отырған көрінеді. Зейнеткер Нина Талакина тіпті дәрі-дәрмек алуға ақшасының жоқтығын айтып мұңын шақты.
– Менің ауруым уақыт өткен сайын асқынып барады. Дәрігер жазып берген дәріні алу үшін бүкіл зейнетақым жетпейді. Оның үстіне коммуналдық төлемді де еш себепсіз өсіре береді. Азық-түліктің қымбатшылығы да алқымнан алуда. Зейнеткерлердің жағдайына ешкім бас қатырып отырған жоқ. Кеңестік кезеңде мен ең жоғарғы зейнетақы алатынмын. Қазір инфляция жыл сайын шарықтап жатыр. Сәйкесінше, зейнетақы мөлшері де өсуі керек еді. Зейнеткерлер қазір өлместің күнін көруде. «Ардагерлер туралы заң» қабылдау керек. Мәселен, Ресейде еңбек ардагерлері коммуналдық төлемдердің тек жартысын ғана төлейді. Қоғамдық көліктерде тегін жүреді.
Осылайша шағым білдірген зейнеткерлерді президент әкімшілігіне барар жолда құқық қорғау қызметкерлері мен қала әкімшілігі өкілдері тосып алып, әкімшілік ауласына жібермей қойды. Олар президент әкімшілігінде қарауылдан басқа ешкім жоқтығын айтып, жазған үндеулерін өздеріне тапсыруларын талап етті.
- Мына шеру, негізі, рұқсат етілмеген шеру. Алматы қаласында болатын кез-келген шеру, митинг болсын, Қазақстанның заңына сәйкес қаралады. Бұл аяқ асты болып жатқаннан кейін әзірше кеңшілік жасап, түсініктеме ретінде қабылдап жатырмыз. Үндеуді жаңа қабылдап алдық, тиісті орындарға жеткіземіз, - дейді Алматы қалалық әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Бауыржан Иманғали.
Коммунистік партияның төрағасы Серікболсын Әбділдин зейнеткерлердің бұл талаптарын орынды деп есептейді:
– Біздің мемлекетте зейнетақыны төлеу жүйесі өте нашар дамыған. Ресеймен салыстырғанда да көрініп тұр онысы. Зейнетақы қартайған адамдардың мүддесін шеше алмайды. Есеп-қисабына келетін болсақ, дәрі мен тұрғын үйдің құнын ай сайын төлеуден аспайды. Қайбіреулердікі оған да жетпейді. Қартайған адамдардың жағдайы мүшкіл екені белгілі. Үлкен адамдардың жылауы баяғыдан жалғасып келеді. Оны тыңдайтын елбасы жоқ. 2009 жылы зейнетақының 25 пайызға көтерілгені түк те қосымша қаржы әкелмейді. 2007-2008 жылдары бағаның қатты қымбаттағаны белгілі. Сондағы 25 пайыз күн сайынғы қымбатшылықтың өзін де жаба алмайды.
Зейнеткерлер болса, әр айдың 30-ы күні осылайша президент әкімшілігінің алдына жиналуға уағдаласты.
Статистика агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі мамыр айында, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін 11 725 теңгені құраған. Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері 9875 теңге.