21 ақпанда ел көлемінде наразылық жиындарын ұйымдастырмақ болған «Азат» партиясының өтінішін қанағаттандырмаған жергілікті әкімдер сол күні басқа шаралар өткізетіндерін алға тартты. Оппозиция бұны әдейі жасалған деп отыр.
«Азат» партиясы жұртшылықты ақпанның 21-і күні сағат 11-де өтетін республикалық митингке қатысып, ел үкіметінің отставкаға кетуін талап етуге шақырған болатын. Оппозициялық партия «Кәрім Мәсімовтың үкіметі дағдарысқа қарсы лайықты шаралар жасауға қабілетсіз» дейді.
Заңмен белгілеген тәртіп бойынша, «Азат» партиясының аймақтағы ұйымдары митинг өткізуге рұқсат сұрап жергілікті әкімдерге алдын ала өтініштер берген болатын. Ақпанның 16-сы күні әлгі өтініштердің түгеліне дерлік әкімдерден бірсарынды жауаптар келді. Онда «Азат» партиясының өтініштерін неліктен қанағаттандыра алмайтыны жайында әкімдердің алға тартқан себептерін «әдейі жасалған» деп санайды оппозиция өкілдері.
«Азат» партиясы төрағасының орынбасары Маржан Аспандиярова Азаттық тілшісіне берген сұхбатында, әкімдер берген жауаптың астарында саяси себеп бар дегенді сеніммен айтты. Оның айтуынша, әкімдердің барлығы, бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, бір сарынды жауап берген
– Жергілікті биліктің көпшілігі, дәл сол күні, ақпанның 21-інде, біз көрсеткен уақыт пен жиын өткізбек болған жерлерде, аяқ астынан әскери-патриоттық шара өткізетін боп қалғанын айтып, бізге рұқсат бермей қойды. Мәселен, Қостанайдың әкімі сол күні «Ауған соғысы ардагерлерінің, кадеттердің, қаладағы әскери-патриоттық клубтар мүшелерінің қатысуымен әскерилендірілген эстафеталық жарыс өткізетіндерін» алға тартты. Ал Атырау қаласының әкімшілігі біздің ұйым сұраған «Жилгородок шағын ауданында Ауғанстан жерінен Совет әскерінің шығарылғанына 20 жыл толуына арналған бұқаралық спорттық ойындардың алғашқы кезеңі өтетіндігін» сылтау етті.
Маржан Аспандиярова жергілікті әкімдер тек әскери-патриоттық қана емес, оппозиция жиынын өткізбес үшін өзге де түрлі шараларды ойлап тапқандығын мысқылмен жеткізді.
– Өскемен қаласы әкімінің орынбасары С.Жүніспекова біздің ұйымның өтінішіне берген жауабында: «Бес мың кісі қатысады деп көрсетілген жиынға жалғыз адамның жауапты болуы жеткіліксіз... Сол себепті, 2009 жылғы ақпанның 21-інде Республика алаңында митинг өткізуге рұқсат берілмейді» депті.
«Азат» партиясының өкілі бұндай жауапты күлкілі деп санайды:
– Митинг өткізу тәртібіне қатысты заңда жиынды өткізуге жауапты адамдардың саны қанша болуы керектігі туралы ештеңе жазылмаған. Оның үстіне, Өскеменнен әлдеқайда үлкен Алматыда талай митингтерді ұйымдастыруға қатысқан өз тәжірибеме жүгінсем, біз берген өтініштерде бұдан да көп адам саны көрсетілгені есімде. Әрине, Алматының билігі де, әсіресе, халықтың төзімін шырқау шегіне жеткізген 2004 жылдың күзіндегі парламент сайлауынан соң, түрлі сылтау ойлап тауып бізге рұқсат бермей қойған.
Сонымен бірге, Маржан Аспандиярова кейбір әкімдердің берген жауаптары ақылға қонбайтынын айтады:
– Тіпті, біздің ұйымның облыстық филиалының жетекшісі Амангелді Олжабаевтың жазған өтінішіне байланысты, Қарағандының әкімі Ислам Тоғайбаев «өкілеттігі жоқ екендігі себепті» жиын өткізуге рұқсат берілмейтіні туралы арнайы қаулы шығарып, бірақ, сол қаулының үшінші тармағында Октябрь ауданының әкімі мен ішкі істер басқармасының бастығына митинг өткізу тәртібінің бұзылмауын және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді жүктеген. Сонда кімнің «өкілеттігі жоқ» – Амангелді Олжабаевтың ба, жоқ әлде Ислам Тоғайбаевтың ба? Бұл жерде Ислам Тоғайбаев «өкілеттілік» деп енені айтып отыр? Мүлдем ұғып болмайтын мұндай жауаптан оны ешкім айта алмас, сірә.
Оппозициялық партияның өкілі жергілікті әкімдердің іс-әрекеттерінде ешқандай қисынға келмейтін тұстардың барын алға тартады:
– Қазақстанның солтүстік аймағында соңғы күндері 40 градусқа жетерлік аяз болып тұр. Сол себепті орта мектептерде сабақ тоқтатылды. Осыны есепке ала отырып, біз ол аймақтардағы өз әріптестерімізге жиын өткізген кезде адамдарды үсік шалып қалмауын, жиынға келетіндерге жылы киінуді ескертіп, оларға жылынатын орын дайындауды ойластыруды айтқан болатынбыз. Ол аймақтарда қыс қақап тұр, жақын арада жылынатыны байқалмайды. Сондықтан бұл мәселеге өте мұқият болу керектігі түсінікті. Ал енді әкімдердің жауабына қарасаңыз, олар сақылдаған сары аязда тұтастай спорттық ойын-сауық шараларын өткізгелі жатқандарын айтады. Мысалы, Павлодарда, шұғыл жағдайда, аязды күні далада волейбол, баскетбол және пауэрлифтинг чемпионаттарын ұйымдастырмақ, Петропавлда «Өз денсаулығыңды нығайт!» деген ұранмен жастардың шаңғы жарысы өтпекші, ал Семейде қалалық деңгейде көпшілік спорттық ойындар жоспарланған.
Ал оңтүстіктегі Жамбыл облысында билік оппозицияның бастамасына ауыл шаруашылығының өнімдерімен «тойтарыс» беруді ұйғарыпты, деп мысқылдайды Маржан Аспандиярова:
– Тараз қаласының әкімі Ильяс Тортаев жиын өткізуге рұқсат бермейтінін былай негіздепті: «…кестеге сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу белгіленгендіктен, митинг өткізу туралы өтінішті қанағаттандыра алмаймыз».
Ал енді бір аймақтарда жергілікті билік оппозицияның өтінішін жарамсыз деп тану үшін өзіндік әдіс ойлап тауыпты.
– Мысалы, біздің ұйым қалалық әкімге өтініш бергеннен кейін Көкшетау қаласының мәслихаты шұғыл түрде кезектен тыс сессия өткізіп, онда қаланың шетіндегі балалардың темір жолы орналасқан жерді митинг, жиындарды өткізетін жаңа орын ретінде белгілеу туралы шешім қабылдаған. Сөйтіп, біздің берген өтінішімізде жиын өткізетін орын дұрыс көрсетілмеген боп шыға келді, – дейді Маржан Аспандиярова.
Ол кейбір аймақтардан алынған жауаптардың бір ауыздан шыққандай жазылғанын айтады:
– Шымкент, Ақтау, Қызылорда, Жезқазған мен Орал қалаларының әкімдері бір сарынды жауап берген. Шенеуніктердің өздері де жеке әңгімелерінде оппозицияға жиын өткізуге рұқсат бермеу туралы бұйрық өздеріне жоғарғы жақтан түскенін жасырмайды.
Маржан Аспаниярованың айтуынша, Астана мен Ақтөбенің жергілікті билік орындары «Азат» партиясының өтінішіне өз жауаптарын әлі бермепті.
– Астана әкімі де жиын өткізуге рұқсат бермеу туралы шешім қабылдағаны бізге мәлім болып отыр, бірақ партияның филиалына жазбаша жауап әлі келген жоқ. Ақтөбе қаласында да тура сондай жағдай. Менің ойымша, осы әкімшіліктер (олар митинг өткізу туралы берілген ресми өтінішке жауапты заңмен белгіленген мерзімнен кешіктіріп, заңды бұзып отыр) бұл істе осылайша әдейі неғұрлым уақыт созып отырған сияқты. Ондағы мақсат – жауапты кеш алған жергілікті партия филиалдардың оған байланысты қандай да бір жедел іс-қимыл жасауларына мүмкіндік бермеу.
«Азат» партиясы төрағасының орынбасары Маржан Аспандиярова оппозицияның жиынын өткізбес үшін билік түрлі айла-шарғыларға барып отыр дейді:
– Бір қарағанда күлкілі көрінетін бұл жайттардан біздің митинг өткізуімізге жол бермеуді көздеген жергілікті билік орындарының біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымызды шектеп қана қоймай, сонымен бірге заңды белден басудан да тайынбай жатқанын көруге болады. Тағы да қайталайын, біздің өтініштерімізге берілген жауаптардың ешқайсысында әкімдер митинг өткізуімізге рұқсат бермейтіндеріне заңды негіз келтірмеген. Осылайша, олардың қолдары қойылған құжаттарда митингтер өткізу тәртібі туралы заң талабы өрескел бұзылған. Сондықтан қазір біздің барлық облыстық филиалдарымыз әкімдердің бізге рұқсат бермеу туралы қаулыларын заңсыз деп тануды сұрап сотқа арыз түсірді. Сонымен бірге барлық филиалдардың жетекшілері жаңа мерзім – ақпанның 28-і күні сағат 11-де митинг өткізуге рұқсат сұрап жергілікті атқарушы билік органдарына қайтадан өтініштер тапсырды.
Маржан Аспандиярова жергілікті биліктің оппозициялық партияға жиын өткізуге рұқсат бермеуін саяси себеппен түсіндіреді:
– Менің ойымша, бұның басты себебі – орталықтағы билік бұл жиындар халықтың жаппай наразылығын күшейтіп, қаһарын туғызады деп қорқуынан. Оның үстіне, жиын өткізуге әкімдердің рұүқсат бермей қоюы биліктің халықпен де, елдегі оппозициямен де диалогқа дайын еместігін айқын дәлелдеп берді.
Әйтсе де, «Азат» партиясы ақпанның 21-іне белгіленген наразылық митингісін бір қалада – Алматыда өткізгелі отыр.
– Ел көлемінде өткізбек болып, барлық қалаларда әкімдерге берген өтінішімізге әзірге тек бір ғана қаланың – Алматының әкімшілігінен ғана рұқсат алдық. Сондықтан, ақпанның 21-і күні сағат 11-де Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы алаңда митинг міндетті түрде өтеді деп айта алам.
Бұған дейін, ақпанның 9-ы күні, «Азат» партиясының өкілдері «Қазақстан үшін сын сағатта абырой-беделден жұрдай болған» үкіметтің толық құрамда отставкаға кетуін және парламенттің таратылуын талап етіп республика көлемінде наразылық жиындарын өткізетіндерін мәлімдеген болатын.