Жылдағыдай биылғы күз қарсаңында Қостанайда жанар-жағармай бағасы көтеріліп, жұрт тұтынатын өзге тауарлар да қымбаттап шыға келді. Баласын жаңа оқу жылына дайындау да әр ата-анаға арзанға түсіп тұрған жоқ.
ЖИЫН-ТЕРІННІҢ ЖАҚЫНДАҒАНЫ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫҢ БАҒАСЫНАН БІЛІНЕДІ
Қостанай облысында тамыз айының соңғы аптасында жағармай мен жанармай күрт қымбаттап шыға келді. Барлық автожанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы 77 теңгеден 85 теңгеге дейін, АИ-80 бензині 64 теңгеден 73 теңгеге дейін қымбаттады. Аса ірі деген жанармай бекеттерінің басшыларының өзі кейінгі уақытта АИ-80 бензинінің литрін 80 теңгеден сатып алуға мәжбүр болғанын айтып отыр.
Қазақстанның энергетика және минеральдық ресурстар министрлігінің мамандары оның себебін Ресейде өңделетін мұнай өнімдерінің мөлшері кеміп кетуімен және импорттың азаюымен байланыстырады. Қазіргі уақытта ең арзан бензинді Павлодар мұнай өңдеу зауыты шығарып отыр екен. Мәселен, Қостанай облысындағы «Гелиос» жауапкершілігі шектеулі бірлестігінің жанармай бекеттерінде АИ-80 бензинінің литрі 50 теңге, АИ -93 маркасы 72 теңге тұрады. Сондықтан да бұл бекеттерде ұзынсонар кезек пайда болды, кейбір жүргізушілер бензинді өзінің көлігіне ғана емес, басқа көлемді ыдыстарға құйып ала бастады.
ОҚУЛЫҚ 1 СЫНЫП БҮЛДІРШІНДЕРІНЕ ТЕГІН, БАСҚА БАЛАҒА 25 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ТҮСЕДІ
«Жанармайдың бағасы жылда осы уақытта егін орағы тұсында үнемі көтеріледі.Оған етіміз үйренген. Ораққа қажет болған соң қанша қымбат болса да өтеді. Содан кейін арада біраз уақыт өткен соң арзандауы да мүмкін. Жылда осы кеп қайталанып жүр. Алайда, биылғы жылы күз молшылығының өзінде азық-түлік бағасының күрт өсіп кетуі алаңдатады», - дейді қостанайлық кәсіпкер Асқар Кеңесбаев.
Расында да ет пен сүт өнімдері және көкөніс өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда едәуір қымбат болып отыр. Республиканың жылы өңірінен әкелінетін қауын мен қарбыз, жүзім бағасы да өсті.
Тұрғындар алтын күз деп атайтын тамыз-қыркүйек айлары жиын-терін мезгілі, сонымен бірге оқушыларды мектепке дайындау осы мезгілмен тұспа-тұс келеді. Қаладағы мектеп базары да қазіргі уақытта қазандай қайнап жатыр. Кітап дүкендері алдында кезектер пайда болды.
Қазақстандағы «Мектеп», «Атамұра», «Алматы кiтап» баспалары оқулықтар шығаруға арнайы рұқсаты бар, маманданған баспалар болып есептелсе, «Просвещение», «Өнер», «Бiлiм» секілді баспалар да кітап шығарумен айналысады. Бірақ, барлық баспа өнімдері жылдан-жылға арзандаудың орнына, қымбаттап келеді.
«Ахмет Байтұрсынов кітап үйі» дүкеніне «Атамұра» баспасынан жарық көрген, жоғары және төменгі сынып оқушыларына арналған жаңа оқулықтардың толық кешені түсіпті. Магазин директоры Нина Голышкованың сөзіне қарағанда, төменгі сынып оқушыларына арналған оқулықтар орта есеппен бір балаға 4000 теңгеге, орталау мектеп оқушыларына 7000 теңгеге, ал жоғарғы сынып оқушыларына 11000 теңгеге түседі екен.
Бұлардың әрқайсысы өткен жылмен салыстырғанда, бір мың теңгеге қымбат. Бұған оқушы дәптерлері мен кеңсе тауарларын қоссаңыз, мектепке сақадай сай аттану үшін бір оқушыға кем дегенде 25 мың теңге қаражат керек екен. Мысалы, өткен жылы 350 теңге тұрған қаламсауыт (пенал) биыл 600 теңге, оқушының мойнына салатын 650 теңгелік мойынбау (галстук) 800 теңге болып шыға келген.
Дағдарыс зардабын тартып отырған ата-аналардың біразының мұндай қомақты қаржыны табуы да қиын.
Осы орайда айта кететін бір жағымды жаңалық, Қостанай қалалық оқу бөлімі ата-аналарға биылғы жылы бірінші сыныпқа баратын балдырғандарға мектептерде оқулықтар тегін беріледі деп хабарлаған.