Олар өздері "ХАС-ЕР КЗ» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы деп білетін Қажымхан Мәсімовтің үстінен полицияға шағымданып келген. Кәсіпкерлер компаниядан 77 млн.теңгелерін ала алмай жүргендерін айтып, Астанаға келгенімен бас министрге кіре алмады.
Кәсіпкерлердің айтуынша, осыдан бір жарым жыл бұрын Шымкент қаласына келіп, «ХАС-ЕР КЗ» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашқан Қажымхан Мәсімов Шымкенттің шұрайлы аймағынан жер алып, Ақсарай деп аталатын базар саламын деп жариялайды. Оның үстіне аталған фирма арзан бағаға цемент сататыны туралы жарнама берген. Оңтүстіктің телеарналары мен баспасөзінен күндіз-түні түспеген жоғарыдағы жарнамаларға кәсіпкерлер қызығушылық танытып, банктерден несие алып, кейбірі базардан орын алуға ақша салса, енді бірі арзан цемент алуға қаржы аударған.
Солардың бірі Ербол Жақыпов деген кәсіпкер Азаттық радиосына берген сұхбатында, «ХАС ЕР КЗ» серіктестігінен арзан цемент алып, Ақтөбедегі құрылыс фирмасына өткізу үшін келісімшартқа отырғанын айтады. Ақтөбелік фирма бірден 12 млн. 600 мың теңге аударған екен.
– «ХАС ЕР КЗ» серіктестігі ақша олардың есепшотына түскен сәтте Арыс қаласында дайын тұрған 33 вагон цементті бірден Ақтөбеге жөнелтуге уәде берген еді, – дейді Ербол Жақыпов.
Осыдан бір жыл бұрын әлгіндей сомадағы ақшаны есепшотқа аударғанымен бүгінгі күнге дейін не цемент, не ақша жоқ, сан соғып қалғанын айтады кәсіпкер.
– Қажымхан Мәсімовтің сөзі «Шымкенттен үлкен көпір салып жатырмыз, ақшаның барлығын соған құйып жібердік. Көпірдің құрылысын аяқтаған соң, түскен қаржыны бірден береміз» дегенге саяды. Бірақ, шын мәнінде, олар халықтан жинаған ақшаны айналымға салып, Шымкент зауытынан алған цементті екі есеге қымбат бағамен басқа жаққа жіберген, – дейді Ербол Жақыпов.
Шымкенттен Астана арнайы келген 16 кәсіпкердің бірі Айгүл Сәрсенбаева да арзан цементке қарқ болам деп, банктен 7 млн. теңге несие алғанын айтады.
– Фирмаға барып, Қажымхан Мәсімовтің өзімен бетпе-бет кездесіп, қолдарындағы құжаттарын көрген соң, сеніп, барлық ақшамды аудардым. Енді үкімет басшысының әкесі осылай алдайды деп ойлаған жоқпыз. Қазір менің банкке төлейтін ақшам жоқ. Бала-шағамен далада қалдық. Үйімізді тартып алып жатыр, – деп мұңын шағады кәсіпкер әйел.
Бас министрге әкесінің үстінен шағым айтпақ болып келгендер Шымкентте «ХАС ЕР КЗ» серіктестігінен алашағын ала алмай жүргендердің жалпы саны сексеннен асады дейді. Алайда, шымкенттік кәсіпкерлердің үкімет басшысының қабылдауына кіруге талпынған әрекеттері сәтсіз болды. Күйінген кәсіпкерлер шарасыздыққа наразылық ретінде өз-өзін өртеуге дайынбыз дейді.
Астанада олардың құқығын қорғап жүрген, өзі де үлескерлік құрылыстың құрбанына айналған құқық қорғаушы Талас Сағымбаев кәсіпкерлерге құқық органдарына тиісті шағым түсіруге кеңес бергенін айтады.
– Мен кәсіпкерлерге бензин жағып өздеріңді өртеуге әркез үлгересіңдер, ең алдымен өз құқықтарыңды тиісті мемлекеттік мекемелеріне жүгініп, қорғауға тырысыңдар деп айттым. Кеше премьер-министрге хат жолдадық. Бүгін ертеңгісін Кәрім Мәсімовтің көмекшесі маған хабарласып, премьердің қабылдайтындығын айтып шақырды. Мен Шымкенттен келген адамдардың барлығын жинап алып бардым. Бірақ, үкімет үйінің алдында бір топ полиция жасақтары дайын тұр екен. Олардың бізді алдап шақырғанын біліп, бірден кәсіпкерлерді таратып жібердім. Үкімет үйінің алдында бір шенеунік маған: «баласы әкесі үшін жауап бермеуге тиіс» дейді. Алайда, лауазымды қызметте отырған баласының атын жамылып жүрген әкесі үшін Кәрім Мәсімов жауап беруге тиіс, – дейді Талас Сағымбаев.
Шымкенттік кәсіпкерлер ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазған ашық хатта оның бұл жағдайға араласуын сұрады. Сонымен бірге кәсіпкерлер жұма күні Қаржы полициясына да арызданған.
«Егер Астана шенеуніктерінен еш нәтиже болмаса, бала-шағамыздың алдында ұятты болғанша, өзімізді өртеуге барамыз» деген олар Шымкенттен өздерімен бірге бензиндерін де ала келгенін айтады.
Бұл даулы мәселе бойынша Қажымхан Мәсімовтің өзінен түсініктеме алудың мүмкіндігі болмады. Сондай-ақ, бас министр Кәрім Мәсімев те әзірге бұл жайында пікір білдірген жоқ.
Қажымхан Мәсімовтің есімі бұның алдында тағы бір дау-дамайға қатысты аталған еді.
Осы айдың ортасында Қазақстаннан шетелге бассауғалаған БТА банктің бұрынғы топ-менеджерлерінің бірі Роман Солодченко баспасөзге берген сұхбаттарының бірінде, банкті үкімет басқаруына алғаннан кейін іле-шала өзіне премьер-министрдің кеңсесінен телефон шалып, Қажымхан Мәсімовты қабылдауды сұрағанын айтқан-ды.
«Қажымхан Қасымович екі өтініш білдірді. Біріншісі – оның Қырғызстандағы жобасына несие бөлуге көмектесу, екіншісі – банкте аға маман болып жұмыс істейтін қызды бөлім бастығы қызметіне жоғарылату», - деп атап айтты Р.Солодченко «Республика» басылымына берген сұхбатында.