Алматыда өтіп жатқан Түркі тілдес елдердің бүкіләлемдік математикалық қоғамының ІІІ конгресіне 600-ге жуық математик қатысуда. Солардың бірі - АҚШ-тағы Уейн университетінің профессоры Уәлібай Өмірбаев Азаттық радиосына сұхбат берді.
Негізі 1999 жылы қаланған Түркі тілдес елдердің бүкіләлемдік математикалық қоғамының ІІІ конгресіне әлемнің әр түкпірінен 600-ге жуық математик қатысуда.конгрестің негізгі мақсаты – математиканың жетістіктері мен даму болашағын, түркі әлемі ғалымдарының арасында әріптестікті кеңейту және халықаралық байланыстарды нығайту.
Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Түркіменстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, АҚШ және Еуроодақ математиктерінің басын қосатын конгресс алғаш рет Түркияда өткен. Бұл жолғы Конгреске қатысып отырған қазақ ғалымы Уәлібай Өмірбаев бұл жиынға мұхит асып келіпті. Қазір АҚШ-тағы Уейн университетінің профессоры болып істейтін ғалым Азаттық тілшісінің сұрақтарына жауап берді.
– Қазақстанға қош келдіңіз! Өтіп жатқан конгрестің маңыздылығы қандай және ол қазақ математикасына не бермек?
– Біз бұрын тек Ресеймен ғана араласып келдік. Мысалы, Америкада Азия деп тек Қытайды ғана біледі. Оның арасында қазақ бар ма, өзбек бар ма – ешқандай рөл ойнамайды.
Түркі тілдес елдер математиктерінің бастарының қосылуы – математика саласында дүниежүзілік деңгейде қомақты бір күш - түркі тілдес математиканың бар екенін көрсететін шара. Қазір көріп отырғанымыздай, мұнда біз білмейтін талай түркі тілдес математиктер бар екен.
Баяндамаларының тізбесін де қарадық, күшті материалдар көп. Мұндай конференциялардың ұйымдастырылуы жастардың математикаға қызығушылығын арттырады деген ойдамын. Қазіргі кезде ғылымға жастарды тарту үлкен проблема болып отыр ғой.
– Сіздің айтып отырғаныңыз әлеуметтік жағдай ма?
– Иә, ғылым адамының әлеуметтік жағдайы біздің елімізде өте нашар. Жастардың барлығы оны біледі. Сонан соң математика, физика десе, ат-тондарын ала қашады. Барлығы заңгер, экономист болғысы келеді. Бұрын математикаға баратын талантты жастардың барлығы қазір сондай салаларға кетіп жатыр.
– Сонда қазір математика саласында жастар мүлде жоқ дегіңіз келе ме?
– Бірен-саран ғана бар. Кішкене есеп шығара алатын жастарды көріп қалсақ, барлық профессорлар сол баланың артынан жүгіріп жүреміз. Сол баладан бірдеме шығарамыз ба деп. Ол бала да ғылымға келгісі келмей, ақшасы бар басқа жаққа кеткісі келіп тұрады. Қазіргі жағдайымыз осындай. Енді 1-2 бала бар, олар PhD қорғап, мұғалім болып жүр.
– Онда қазақ математикасының бүгінгі хал-ахуалы туралы айту артық болар?
– Қазақ математикасы Совет Одағы кезінде жеткен жетістіктерімен күн көріп отыр. Сол кездегі адамдар қазірге дейін әлі жұмыс істеп жатыр. Әлі күнге дейін тек қана солардың қол жеткізген табыстарымен келе жатырмыз.
Кейінгі табыстардың өздері де сол бұрынғы қалыптасқан ғалымдардың талпынысы. Ал қосылып жатқан жастар жоқ. Жастар жоқ болғандықтан бұрынғы буын қанша жұмыс істегенімен осы ғылым әрі қарай жалғаспай қалады. Қазақстан тіпті ғылымсыз қалып кетуі мүмкін.
– Ал математикасы дамымаған елді не күтіп тұр?
– Математика – ғылымның атасы деп кезінде Гаусс айтқан. Математикадан айрылса, қазақ барлық ғылымнан айрылады.
– Сіз қазір АҚШ-тағы университетте сабақ бересіз. Елден кетуге не себеп болды? Жаңа өзіңіз айтқан әлеуметтік жағдай түрткі болды ма?
– Мен бұған дейін де шетелге шығып, жұмыс істеп жүрдім. Шетелде жұмыс істеу жағдайы жақсы екенінен хабардар болдым. Ол жақта басты қатыратын мәселелер жоқ. Тек қана өзіңнің жұмысыңмен айналысуға жағдай бар.
Сондықтан ол жақта біраз жұмыс істеу мақсатында кеттім. Қазір Уэйн университетінде сабақ беріп жүрмін. Сағаттар саны бұл жердегі профессорлардікі сияқты емес, аптасына 7-8 сағат қана. Қалған уақытымда ғылыммен айналысуға толық мүмкіншілігім бар.
Бұл жерде кем дегенде 20 сағат сабақ беруің керек екен. Кейбір ЖОО-дарында одан да көп. Ал Америкада аптасына 7-8 сағат сабақ берудің түк қиындығы жоқ. Тың жүресің. Ғылыммен айналысуға күшің жетеді. Ол жақта әлеуметтік мәселелердің барлығы оңай шешіледі. Біз оған уақыт жоғалтпаймыз.
– Қазақстандағы талантты математиктердің қызығын шетел көріп жатыр, оларды елге қайтарудың жолдарын қарастыру керек деген сияқты пікірлер естіліп қалады. Бұған не дейсіз?
– Елге қайтару деген мәселе дұрыс емес. Шетелге шығып, ғылыммен айналысып жүрген 2-3 бала елге келсе де, мұндағы жағдайды көріп қайтадан кетіп қалады. Одан пайда жоқ.
– Қазақстанның ғылым саласындағы бағыты дұрыс па?
– Дұрыс бағытта келе жатыр деп айта алам. Бірақ әлі көп жұмыс істеуі керек. Ғылымға бөлінетін ақша туралы айтылып жатыр. Ғылым саласындағы конкурстардың шарттарын жеңілдету керек. Ғылыми конкурстар, гранттар бар. Сонан соң мұғалімдердің жағдайын жақсарту керек.
– Әңгімеңізге рахмет!