Варшавадағы ЕҚЫҰ-ның адамзат өлшемдері жөніндегі конференциясында қазақстандық ресми делегация басшысының сөзін қатысушылардың көпшілігі үнсіз наразылықпен қарсы алды. Қазақстан турасындағы пікірталастар қызу өтті.
Варшавада ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (БДИПЧ/ЕҚЫҰ) адамзат өлшемдері бойынша жылдық конференциясы аяқталып қалды. Бұл конференцияда толеранттылық, кемсітушілік, бостандық негіздері және адам құқықтары саласындағы білім беру проблемалары талқыланды.
Бұл форумға Қазақстан жағынан ресми тұлғалар мен түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Мәдина Жарбосынова басқаруда. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, делегация басшысы ЕҚЫҰ-ның ұсыныстарына сәйкес үкімет тарапынан сайлау, саяси партиялар, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдарға, сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары, ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге түзетулер, өзгертулер енгізілгенін хабарлады.
«Бұл заңнамалық бастамалар, олардың кеңінен талқыланып, осының нәтижесінде алынған заңдар елде саяси жүйе дамуының тұрақты демократиялық векторы қалыптасқандығына куә болады»,- деп мәлімдеді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің елшісі.
2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететіндігіне байланысты адамзат өлшемдері конференциясында сөйленген сөздердің басым көпшілігі республиканың демократиялық даму проблемаларына арналды.
Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің сөздері республиканың ресми өкілдерінің шешендігінен өзгерек болды.
Қазақстан билігінің саясатын қазақ оппозициясының шетелдегі белсендісі Балли Мажец сынға алды. Оның пікірінше, елде адам құқықтары дөрекі түрде бұзылады. Оның айтуынша, дәл осы жағдайды жақсы жағына өзгертпей, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге құқы жоқ.
Бұл жерде ол белгілі құқыққорғаушы Евгений Жовтиске және тіркелмеген «Алаш» ұлт тәуелсіздігі партиясының төрағасы Арон Атабекке қатысты болған соттардағы бұрмалаушылықтар туралы деректерді келтірді. Соңғысы жайында Балли Мажец барынша нақты айтты:
– Арон Атабекті екі куәнің куәлік беруі бойынша полиция офицерін өлтірді айыптаған. Содан кейін куәлар өз сөздерінен бас тартқан. Сотта олар бұл куәлікті қысым жасалған соң бергендіктерін жария түрде айтты. Бұл істі кейінірек қараған Жоғарғы сот әлгі куәларды шақырған жоқ. Демек, олардың куәліктерін қаперге алған жоқ. Бірақ, осыған қарамастан, Арон Атабек түрмеде отыр.
Балли Мажец Қазақстанда Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабына тыйым салыну мәселесін көтерді. Ол сонымен бірге, оның айтуынша, Рахат Әлиевпен болған әңгімеде президенттік тақтан кететін ойы жоқ екендігін айтқан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерін келтірді.
«Қазақстанның билік өкілдері бұл әңгіменің таспа жазбасында шындық жоқ деп мәлімдемеді. Егер жоққа шығармаса, демек, бұл жазбалар шын. Менің ойымша, Әлиев мырза оларды дәлел ретінде бере алар еді», – деді ол.
Балли Мажецтің айтуынша, егер Қазақстан демократиялық реформаларды жүргізу жөніндегі міндеттемелерін орындамаса және солай бола тұра ЕҚЫҰ-ны басқаратын болса, онда бұл ең алдымен сол ұйымның өзі үшін үлкен ұят іс болар еді.
Варшава конференциясындағы АҚШ делегациясының басшысы Майкл Халтзел «Азат Еуропа»/ «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Қазақстан ресми өкілінің сөзін көптеген қатысушылар үнсіздікпен қарсы алғандығын айтты.
Оның айтуынша, бұл белгілі құқыққорғаушы Евгений Жовтисті соттауға қарсылық белгісі ретінде жасалды. Ол Қазақстан билігі «өзінің беделіне зиян келтірмес үшін мәселені шешетіндігіне» үміттенетіндігін айтты.
Осыған байланысты Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Варшава конференциясындасөйлеген сөзінде процесс толық аяқталмайынша, Евгений Жовтис жөніндегі сотқа халықаралық қысым жасауға жол бермеуге шақырды.
Сонымен қатар, Майкл Халтзел адам құқықтарының бұзылуы жиі орын алып, демократиялық стандарттар әлі тамыр жая қоймаған постсоветтік елдердегі, оның ішінде Қазақстанда прогрестің біртіндеп орын алатындығына үміттенетіндігін айтты.
«Тіпті нәтижесі аз болса да, диалог – демократияны таратудың жақсы тәсілі болып қалады», – деп атап көрсетті Майкл Халтзел.
– Ол тіпті ЕҚЫҰ-ның, БҰҰ-ның немесе өзге ұйымның құрамында болса да, әлдебір елдегі демократиялық процестің жеделдеуіне ықпал ететін мемлекет әлемде жоқ. Қателік жасамаған мемлекет те жоқ. Қателіктер артта қалып, болашақта қайталанбайды деп үміттену керек. Және бұл тек Қазақстанға ғана қатысты емес, – деді АҚШ делегациясының басшысы Майкл Халтзел.

Осыған байланысты Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Варшава конференциясында
Тіпті нәтижесі аз болса да, диалог – демократияны таратудың жақсы тәсілі болып қалады.