Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің 10-сынып оқушысы Наурызжан Ысмайыловтың физика пәнінен жазған ғылыми жобасы сәуірдің 7-9 аралығында Астана қаласында өткен оқушылардың «Ғылым әлемін ашамыз» атты V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында үздік деп танылды.
Мұғалімдерінің айтуынша, Наурызжан Ысмайылов бала кезінен гуманитарлық ғылымдарға ден қойған жас. Әсіресе, ол тарих пәнін сүйіп оқиды екен. Ал астрофизикаға сегізінші сыныптан көңіл қойып, ғылымға бет бұра бастапты. Алғашқы ғылыми жобасы да осы кезде дүниеге келеді. Наурызжанның кезекті жұмысының тақырыбы да қызықты, әрі осы күнге дейін аз зерттелгендердің қатарында.
Жас ғалым күміс қанатты бұлттар өрісінің сәулеленуін бір жыл бойы зерттеп, талмай ізденген. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің астрофизика орталығында бұл құбылысты талай күндер бойы көзі талғанша бақылап, суретке түсірген екен. Еңбегі нәтижелі болды - Наурызжанның ғылыми жобасы қазылар алқасының жоғары бағасын алды.
Оқушысының жеңісіне өте қуанышты екенін айтқан физика пәнінің мұғалімі Наталья Клювак Наурызжан осы жетістікке тоқмейілсіп, тоқтап қалмайды деген үмітте. Наурызжан болса осы бағыттағы зерттеулерін алдағы уақытта әлі де жалғастырғысы келеді.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әмина Құдайбергенованың айтуынша, Наурызжан - тек қана физикадан емес, басқа пәндерден де үздік, жан-жақты бала. Сыныптасы Адел Сыздықова Наурызжанның әртүрлі байқауларға әрдайым қатысып, жүлделі орындар алып жүргенін өздері де мақтан тұтатынын айтады.
Физика пәнінен өткен халықаралық конференцияға Қазақстан, Ресей, Грузия елдерінен жиыны 100-ге жуық оқушы қатысып, бақ сынаған. Жас ғалымдардың ұсынған жұмыстарының ішінен төртеуі үздік деп танылды.
Оның екеуі - қазақстандық екі оқушының ғылыми жобасы.