Сот шешіміне наразы акробат Владимир Гашута өз автокөлігін өртеп жіберді. Қарасай ауданындағы даулы жерде балаларға арналған спорттық оқу-жаттығу кешені орналасқан.
КӨЛІГІМ ЖЕРІМНІҢ САДАҒАСЫ
Алматы маңындағы Ақжар ауылындағы тұрмысы төмен отбасыларының балаларына арналған спорт мектебіне тиесілі жер телімі сот шешімімен басқа адамға берілгеніне наразылық ретінде спортшы Владимир Гашута маусымның 11-і күні журналистердің көзінше өз көлігін өртеп жіберді.
- Менің әкем әскери адам! Бізде «жауыңа ешнәрсе қалдырма» деген қағида бар, сондықтан менің ендігі жалғыз қалған меншігім – осы көлікті ешкімге де бермеймін! - деді Владимир Гашута.
Оның пікірінше, жерінен айырған мемлекеттік орган енді оның «ВАЗ 2109» автокөлігінен де айырмақ екен. Алайда олардың нақты кімдер екендігін ол атап бере алмады.
Ал жер телімі орналасқан Қарасай аудандық әкімдігіндегілер танымал спортшының бұл әрекетін негізсіз деп отыр.
7 ЖЫЛҒА ЖАЛҒАСҚАН ЖЕР ДАУЫ
2001-ші жылы сол кездегі Алматы облысының әкімі Шалбай Құлмаханов спортшы-акробат Владимир Гашутаны шақырып, балаларға арналған тегін оқу-жаттықтыру орталығын құруды ұсынған екен. 14 мәрте рекорд жаңартқан акробатқа осы мақсатқа 2002-ші жылы 15 сотық жер телімі беріліп, спортшы онда жүгіру, секіру алаңдары мен спорттың басқа да түрімен жаттығатын алаңдарды жабдықтаған.
Аяқ астынан шыққан даулы іс Алматы облыстық сотында қаралып, сот Конусованың пайдасына шешім шығарған.
Заңгер Юрий Усов соттың бұл шешімі негізсіз қабылданған деген пікір айтады.
- Құжаттарды жіті тексере келе, бұл жер телімінің екі кадастрлық нөмірі бар екендігі анықталды. Бұл – мүмкін емес жайт, өйткені адамның жеке куәлігінің бір ғана нөмірі болатыны сияқты кадастрлық нөмір де біреу ғана болуы тиіс. Анықтай келе, Гашутаға жер теліміне мемлекеттік актіні қалалық жер комитеті бергендігі, ал Конусоваға – «Алатау» жекеменшік фирмасынан берілгендігі белгілі болды, – дейді Юрий Усов.
«Еламан» мүгедек жетім балаларға арналған кешеннің басшысы Гүлмира Конусова болса бұл жер телімін кешен жанындағы қосалқы шаруашылық етпек ойда. Ол өзіндегі барлық құжаттардың заңды екендігін айтып, оған мемлекеттік органдардың шығарған шешімдері бар дегенді алға тартып отыр.
- Балалар үйі күре жолдың жанынан 200 метр қашықтықта орналасқан. Ал сөз болып отырған жер қосалқы шаруашылыққа арналған жер, заң бойынша мен ол жерде басқа ешқандай өндіріс салуға құқым да жоқ, – дейді Гүлмира.
Алайда, Гашутаның сөзіне қарағанда, бұл коммерциялық сауда кешені көрінеді. Ол «бұл жерде спирттік ішімдіктер, оның ішінде сыра сататын 3 нүкте жұмыс істейді» дегенді айтады.
ГАШУТА РЕСЕЙДЕН САЯСИ БАСПАНА СҰРАМАҚ
Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің аппарат жетекшісі Қаныбек Айтжанов бұл істі мүмкіндігінше насырға шаптырмауға тырысқандарын айтады. Алайда екі жақ өзара ымыраға келмеген көрінеді.
- Біз екі жаққа да басқа бір жерден жер телімін берейік деп ұсыныс айттық. Жоқ, олардың ешқайсысы келіспеді. Ондай болса сотқа барып төрелікті сот айтсын дедік. Енді міне сот шешімі шықты, тынышталар деп едік... олай болмай шықты, – дейді әкімшілік өкілі.
Ол Владимир Гашута бұл істі мүмкіндігінше саясиландырмақ деп кінәлайды.
- Мен Гашутаны спортшы ретінде қатты сыйлаймын, жетістіктерін мақтан тұтамын. Алайда мына қылығы осындай азаматқа жараспайды. Ал оның көлігіне көз тіккендер бар деген сөз тіпті ақылға қонымсыз, – дейді Қаныбек Айтжанов.
Әкімшілік өкілі ауданға спорттық кешеннің қажет екендігін де жасырмайды, сондықтан осы мақсатта басқа жерді қарастыру туралы ұсыныс әлі өз күшінде дейді ол.
Ал өз көлігін жағып жіберген Владимир Гашута енді туған жері Ресейден саяси баспана сұрап, Қазақстаннан кететіндігін мәлімдеп отыр.

Владимир Гашута, акробатикадан 14 мәрте рекорд жаңартқан спортшы. Ақжар ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысы. 11 маусым 2009 ж.
Сол жер 300-ге тарта бала спорттық шеберлікке жаттығып, дайындалатын орынға айналған. Алайда бір күні Гүлмира Конусова есімді адам аталмыш жердің иесі өзі екендігін айтып, жерді босатуды талап еткен.Аяқ астынан шыққан даулы іс Алматы облыстық сотында қаралып, сот Конусованың пайдасына шешім шығарған.