Қожайыны сотталып, өзінің аты бар да, заты жок «Қазтранскомсервис» компаниясының үлескерлері Алматының Самал шағын ауданындағы 16 қабатты «Тристар» кешенін өз қолдарына алды. Енді тоқсанға жуық үлескер құрылысты жалғастыруға қажетті жалғыз құжатты Медеу аудандық сотынан 27 наурызда алатындарынан үміттеніп отыр.
«Қазтранскомсервис» компаниясының, сол кездері көпшілікке ең ауқымды құрылыс жобаларының бірі болып көрінген «Тристарға» үлескерлерді тарту науқаны 2004 жылы басталды. Үй нарығы қызып тұрған шақта18 миллионға жуық долларды көз еліктіретін жарнаманың арқасында жинап үлгерген құрылыс компаниясы зәулім үйдің алғашқы кірпішін 2005 жылы қалады.
Арада тағы бір жыл өткенде бес қабаты енді ғана қылқиып өсіп қалған «Тристардың» өз іргесіндегі одан да биік ғимараттардың қасында кенжелеу екендігіне қарамастан, қалалық әкімшілік «таудың әсем көрінісін қалқалап тастайды» деген желеумен құрылысты тоқтатып тастады.
Ал тағы бір жыл өткенде құрылыс жобасына жауапты «Қазтранскомсервис» қожайыны Сергей Цойға қарсы қылмыстық іс қозғалып, 2008 жылы наурыздың 25-і күні Ақмола гарнизонының Әскери соты күдіктіні «тыңшылық» жасаған деген айыппен 14 жылға соттап, мүлкін тәркіледі. Бірқатар ақпарат көздері бұл процестің атышулы Әлиев-Мұсаев ісімен бір санатта жүргізілгендігін хабарлаған-ды.
«Жығылғанға – жұдырық» демекші, 2008 жылы желтоқсанның 31-і күні Алматы қаласының Алмалы аудандық соты үлескерлерге қатысты алаяқтық істеген деген айыппен оған 5 жыл және қосқаннан кейін Сергей Цойдың темір тордың арғы жағындағы мерзімі 19 жылға жетеді.
Ал үлескерлер ше? Құрылыс компаниясы қожайынының мүлкі тәркіленгенде «Тристарға» да тыйым салған-ды. Бұған қоса, «Қазтранскомсервис» 2007 жылы аталған нысанды «ЦентрКредит» банкіне кепілге қойып, шамамен 15 миллион доллар несие алған екен.
Осы жайттарға қарамастан, 90-ға жуық «тристарлық» үлескер, күресуден шаршамағаны былай тұрсын, діттеген мақсаттарына жету үшін жалғыз ғана құжаттың қалғанын мәлімдеп отыр. Ол – «Тристарға» салынған тыйымның күшін жоятын сот шешімі. Соның жолына түскен үлескерлер тобы наурыздың 18-і күні Медеу аудандық сотының ғимаратына жиналды.
Бірақ, сөз болып отырған шағымды өндіріске алған судья Мәди Көшікбаев бұл күні істің материалдарымен танысумен ғана шектелді. Соған байланысты судьяның бөлмесіне үлескерлердің адвокаты Ермек Тұрсағұлов және тағы бірнеше адам ғана кіре алды.
– Қазір бізге мүлікке салынған тыйымды алдырып тастату керек. Бұл банктің, соттың араласуынсыз, нысан құрылысын аяғына дейін жеткізу үшін инвесторға табыстауы үшін қажет. Ал инвестор, өз кезегінде, құрылысты жалғастыруға дайын отыр. Яғни, біз мемлекеттен де, басқадан да көмек күтпейміз. Бізге сот шешімі ғана керек, – деді үлескерлердің адвокаты Ермек Тұрсағұлов.
ҚР Азаматтық процесуалдық кодексіне сәйкес, тәркіленген мүлікті таратуға сот әкімшісінің ғана құқығы бар. Яғни, бұл істе жауапкер міндетін сот әкімшісі атқарады деген сөз. Адвокаттың айтуынша, «Тристарды» кепіл етіп алу арқылы қыруар қаржысынан айрылып отырған «ЦентрКредит» банкі де сот шешімінің үлескерлердің пайдасына шешілуін тілеп отыр екен.
– Банк пен біздің көздегеніміз бір жерден шықты – банк несие бөлгені үшін зардап шекті, ал үлескерлер үлестік құрылысқа өз ақшасын құйды. Сондықтан екеуінің мүддесі бір – банк қаржысын қайтаруды, үлескерлер пәтерлерін алғанды қалайды, - деді Ермек Тұрсағұлов.
Сонымен қатар, ұйымдасқан топ құрылысты аяғына дейін жеткізетін инвесторды осы бастан дайындап қойған. Үлескер Болат Қожанның айтуынша, «Тристарды» аяғына дейін жеткізуге оңтүстік кореялық Shinhan банкі құлшыныс танытқан:
– Қазір үлескерлердің үміті қайтадан оянып жатқан сияқты. Мүліктен тыйым алынатын болса, онда инвестор іске кіріседі. Біз тек нысанның құқықтық жағынан тазартылуын күтіп отырмыз.
Судья Мәди Көшікбаев сөз болып отырған іс бойынша сот мәжілісін наурыздың 27-іне белгіледі.