Үрімжідегі қақтығысқа қатысты әлемдік қауымдастықтан көмек сұрап отырған Дүниежүзілік ұйғыр конгресінің ашық хатына Қазақстандағы ұйғырлар қауымдастығы да қосылып отыр. Олар Қытай үкіметінің ұйғыр халқына күш көрсетуін тоқтатуын талап етіп, бұған халықаралық қауымдастықтың араласуын қалайды.
Ашық хатта Дүниежүзілік ұйғырлар конгресі Қытайдағы ұйғырлардың қуғындауға ұшырауына алаңдаушылық білдіріп, әлемдік қауымдастықтан жағдайдың тезірек тұрақталуына атсалысуын сұрайды. Бұл орайда оқиғалардың объективті жеткізілуі үшін шетелдік ақпарат құралдарының жұмысына да бөгет жасалмасын деген өтініш те айтылады.
Аталмыш үндеуге қосылып отырған Қазақстандағы ұйғырлар қауымдастығының белсенді мүшесі Қаһарман Қожамберді ашық хат арқылы Үрімжіде болып жатқан шынайы жағдайларға әлемнің назарын аударғысы келетінін айтады.
«Ресейдің телеарналары тек қана Синхуаның ақпараттарын беріп жатыр. Аталмыш агенттік жағдайды дұрыс бағалап, жеткізіп жатқан жоқ. 5-сі күнгі жағдай осыған дейін орын алған оқиғаға наразылық ретінде ұйымдастырылған шара болатын. Бізге жеткен ақпарат бойынша, маусымның 26-сі күні Гуандун провинциясында Шаугуань қаласында қуыршақ фабрикасының жұмысшыларына түнде қытайлар шабуыл жасаған. Көрген адамдардың айтуынша, 50-ден астам адам мерт болған. Ал ресми дерек тек екі адам ғана қаза болды деп отыр. Бұған шыдамай ұйғыр студенттері наразылық шарасын ұйымдастырды. Бірақ қытай үкіметі мұны аяусыз жаншып тастады», - дейді Қаһарман Қожамберді.
Сейсенбі күнгі мәлімет бойынша, қақтығыс нәтижесінде 156 адам қаза тапқан, олардың ұлты әзірге белгісіз дейді дерек көзі. Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, қаза тапқандардың басым бөлігі қытайлықтар көрінеді.
Ал шілденің 7-сі күні Синхуа агенттігі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық республикасында құқық қорғау органдарының қақтығысқа қатысы бар деген күдікпен тағы 1434 адамды ұстағанын хабарлады. Қытай үкіметі қақтығыс болған күні-ақ жағдайды бақылауға алдық деп хабарлағанмен, қалада жағдай әлі қалыпқа келген жоқ дейді Үрімжі тұрғыны студент Жайдолла:
«Қазір көшеде жүру қауіпті. Мәселен, мен шықсам, мені ұйғыр деп ұрып тастауы мүмкін. Енді қытайлар ұйымдасып, ұйғырларға қарсы қаланың әрбір жерлерінде көтерілістер ұйымдастырып жатыр деп естудеміз. Ұйғырлардың дүкендерін, дәмханаларын өртеп жіберу, қиратып тастау дегендей әңгімелер шығып жатыр. Интернет бірнеше күннен бері жоқ. Телефонмен сөйлесуге жаңа ғана мүмкіндік алдық».
Ал Қаһарман Қожамберді болса, бұл қақтығыстардың жайдан-жай болмағанын тілге тиек етеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қытайда тұратын аз ұлттарға рухани-мәдени тұрғыдан қысым жасалып отыр.
«Егер де бұрындары қытай тілін білмейтіндерді жұмысқа қабылдамаса, қазір барлық бастауыш сынып оқушылары білімді тек қытай тілінде ғана алады. Барлық жұмыс істейтін әйелдер, студенттер мешітке бара алмайды. Мешітте олардың кіріп кетпеуін арнайы полиция бақылап тұрады. Отбасыны жоспарлауда да белгілі бір саясат ұстанады. Міне, «бір отбасы – бір бала» саясатының жүргізіліп келе жатқанына екі жыл болды. Мұның барлығы халықтың наразылығын тудырып жатыр», - дейді Қаһарман Қожамберді.
Ал саясаттанушылар болса, бұл қантөгісті 20 жыл бұрын болған Тянанмынь алаңында болған жастар көтерілісімен салыстырады. Дерек бойынша, 1989 жылы болған шеруде мыңдаған жас қаза тапқан.
Шілденің 7-сі күні ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров қақтығыста құрбан болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлады.
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 8 млн-нан астам этникалық ұйғыр тұрады. Олардың басым бөлігі ислам дінін ұстанады. Бөлек ислам ұйғыр мемлекетін құруды көздейтін «Шығыс Түркістан ислам қозғалысы» Қытайда экстремистік ұйым ретінде танылып, оның жұмысына тыйым салынған.