Жақында Алматыда Алтай мен Қобда қазақтарына төл тұлға Ақыт қажы Үлімжіұлының туғанына 140 жыл толуына орай салтанатты кеш болып өтті. Кешке әлемнің түкпір-түкпірінен келген қазақтар арасында Қытай мемлекеттік жазушы және фольклоршылар одағының мүшесі, жазушы, зерттеуші Зейнолла Сәнік Азаттық радиосына арнайы сұхбат берген еді.
Әңгімесін Ақыт қажыдан бастаған Зейнолла Сәнік өзін ақыттанушылардың бірі ретінде таныстырды:
– Ақыт қажы Үлімжіұлы туралы да көптеген зерттеулер жүргіздім. Ол кісі, әсіресе, 1907-1908 жылдары қажыға барып оралғаннан кейін, Абайдың ақындық ізімен жүріп, Абайша жырлап, Абайша өмірге мән беріп, ағартушылық бағытта насихат өлеңдерді өте көп жазған еді. Ол тек Абайша 8, 11 буынды өлеңдер жазып ғана қойған жоқ, оның «Сегіз аяқ» өлеңіне еліктеп, «Қос аяқ» деген өлең жазып қалдырған.
Ақытты халық бұрыннан біледі. 1939 жылы Ақыт қажы Үлімжіұлы Қытай түрмесінде азаппен өлтірілген. Содан кейін оның шығармашылығын зерттеп, тану былай тұрсын атын атауға да тыйым салынды. Қытайдағы 1968-1978 жылдары жүргізілген атышулы «Мәдени төңкеріс» жылдарында да Ақыттың есімі ауызға алынбады.
Мәдени төңкеріс аяқталып, заман тынышталғаннан кейін ғана, Ақыт еңбектері жариялана бастады. Бұл – 1980 жылдары еді. Содан бері Ақыт еңбектері газет-журналдарда үзбей жарияланып келеді.
1993 жылы Ақыттың 125 жылдығы, ал 1998 жылы 130 жылдығы Үрімжіде салтанатпен тойланып өтті. Сондай-ақ, ол кісінің 3 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Төртінші томы баспада. Яғни, ақын еңбектерін жинау ісі де біршама жолға қойылды.
Ақытты қытай қазақтары сондағы жазба әдебиеттің негізін қалаушы және Қытайдағы Абай үлгісінде алғаш рет қалам тербеген қаламгер ретінде таниды. Сондықтан да, орта мектеп бағдарламасына Ақыт шығармашылығы еніп отыр, - дейді ол.
Зейнолла Сәнік қазір Үрімжіде, құрметті демалыста. Ұзақ жыл «Шыңжаң жастар өрендер» баспасын басқарған, Шыңжаң халық баспасының қазақ балалар бөлімінің меңгерушісі болған. Осындай жұмыстарды істей жүріп, әдебиетпен де айналысқандығын айтады.
– Әдеби еңбек жолым екі бағыт бойынша өрбіді: бірі – көркем әдебиетті жасау, екіншісі – зерттеу. Әзірге дейін 2 романым, 5 повестім және көптеген ғылыми зерттеу еңбектерім, барлығы – 20 кітабым жарық көрді, – деген ол Қытайда қазақ руханиятының жоғары бағаланатындығын айтады.
– Қытайда қазақ мәдениетіне өте жоғары деңгейде мән береді. Мысалы, қазақтың айтыс өнерін бүкіл қытайлық рухани құндылық ретінде бағалайды. Соның арқасында айтыс өнері мемлекеттік өреге дейін жетті. Қытайда әр екі жылда бүкіл мемлекеттік деңгейде ақындар айтысы өткізіледі.
Бұл шараның салтанаты мүлдем ерекше. Сол шарамен бірге тұрмыс-салт дәстүрі насихатталып, қолөнер бұйымдарының көрмелері өткізіліп тұрады. Бұл шарада қазақ халқы бір жасап, рухтанып қалады. Биыл Тарбағатай аймағының Қобықсары ауданында ақындар айтысы өткізілмекші.
Бұдан өзге қазақтың ұлттық мұрағаттары жиылып, реттеліп, мұражайлар ашылып жатыр. Сарытоғай ауданында Баспай деген отаншыл қайраткердің мұражайы, Күнесте Таңжарық ақынның, Әшім Дүншеұлының тарихи мұражайы, Буыршында қазақтың ежелгі тарихи-мұрағаттары, Шығыс Шыңжаңда – Баркөлде қазақтың тарихи этнографиялық мұражайлары ашылды.
Бұндағы қазақтың ежелгі бұйымдарын, қолөнер жасауларын қазақтың өзі ғана емес, қытайдың өздері келіп, тамашалап, ауыздарының суы құриды, – дейді ол.
Зейнолла Сәнік қазақ халық мұраларының Қытайда өте жоғары деңгейде жиналғандығын да тілге тиек етті.
– Айталық, қазақ халық дастандарының 20 томдығы, халық жырларының жинағы, қазақ ертегілерінің 2 томы, ғашықтық жырларының 7 томы, балалар хикаяларының 12 томы жарыққа шықты. Өз басым «Қазақ этнографиясы» атты мың беттік еңбек жазған едім, құдай бұйырса, баспадан шығып қалар.
Жақында мен академик Серік Қасқабасовқа жолыққан едім. Ол кісі Қытайдағы қазақ мұрасының жиналуына аса риза екендігін айтты.
Әрі Қытайда 7-8 қазақ баспасы, 20-ға тарта газет-журнал бар. Қазақ радиосы Бейжіңнен және Үрімжіден 18 сағат хабар таратады. Үрімжіде тек қазақ тілінде 2 теларна 18 сағат хабар таратады. Қазақстанға қарағанда біздегі қазақ телевизиясының күйі анағұрлым артық, - дейді Зейнолла Сәнік.
Зейнолла Сәнік Қазақстанға ең алғаш 1989 жылы келген екен. Содан бері жиі қатынап тұратындығын айтады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Хан батыр - Қабанбай», «Тұғырыл хан», «Баспай», «Сергелдең» секілді кітаптары жарық көрген.
– Жақында «Сергелдең» деген романым туралы академик Шерияздан Елеукенов, журналистер Болат Шарахымбай мен Қайрат Дүйсен деген кісілер рецензия жазып, Қытайдағы қазақтардың қаймағын бұзбай қазақтық қалпын сақтап қалғандығына риза екендіктерін білдіріпті.
Зейнолла Сәнік 1989 жылға дейін Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың қиын болғандығын айтады.
– Қазір Қытай Қазақстанды тату көрші, сенімді серіктес ретінде бағалайды. Қытай мен Қазақстан арасындағы жайлы қарым-қатынастың арқасында ондағы қазақтарға деген көзқарас та жақсы, – дейді ол.