Орта Азиядағы Түрік мектептерінің оқу бағдарламаларында бекзаттық және діни бағыттағы сабақтар жүргізіледі. Алайда аймақтағы кейбір үкіметтер аталған мектептер ол елдердегі зайырлы билік жүйесіне нұқсан келтіруі мүмкін деп қауіп ойлауда.
Түрік мектептері Орта Азияда 1990-шы жылдардың орта шенінде ашыла бастаған болатын.
Бұл оқу жүйесі-Ресейден бастап Солтүстік Америкаға дейінгі аралыққа өте танымал.
Түркиялық діни ғалым, сүнні мұсылман Фесулла Гүленнің бастауындағы Гүлен қозғалысы ашқан бұл оқу орындарында сабақтар ағылшын, түрік, орыс және жергілікті тілдерде өткізіледі.
Алғашқы жылдары Өзбекстанда 65 түркиялық білім орындары жұмыс істейтін еді. Қырғызстанда 23 түрік мектебі, 2 лицей, 2 университет талапкерлерге білім беруде. Тәжікстанда осындай 6 оқу орыны жұмыс істеуде.
Орта Азия елдерінде түрік мектептері-оқу бағдарламаларының күрделілігімен, ондағы тәртіптің күштілігімен өте танымал.
Ұлттық, аймақтық білім сайыстарында жеңістің көп бөлігі осы түрік мектептері оқушыларына, түлектеріне тиесілі болып жатады.
Ол оқу орындарын бітірген талапкерлердің талайы, ағылшын тілін жақсы меңгергендіктен де, Батыс университеттерінің шәкіртақысы төленетін бағдарламаларына оңай ілігіп кетеді.
Сондықтан болар оқушылар мен олардың ата-аналары аталған түрік оқу орындарын айрықша құрметтейді. Балаларын сол лицей, мектептерге іліктіріп жіберуге тырысқан ата-аналар ұзақ кезекте тұруға пейіл боп келеді.
Алайда соңғы әзірде аталған мектептердің басына бұлт үйріле бастағандай.
Мысалы, Орта Азиядағы жалғыз парсытілді ел -Тәжікстанда ел үкіметі мен ғалымдар аталған түрік мектептері түрікшілдік идеясын таратуы мүмкін деген қауіп ойлауда.
Алайда аймақтағы елдердің ішінде түрік мектептеріне қарсы бітіспес майдан ашқан Өзбекстан сияқты. Мысалы, 1999 жылы ресми Анкарамен қарым-қатынасы нашарлаған кезде ресми Ташкент Өзбекстандағы барлық Түрік лицейлерін жауып тастаған болатын.
Ол аздай биыл Ислам Каримов үкіметі кезінде түрік мектептерін бітірген, кейін журналист мамандығы бойынша жұмыс істеген кем дегенде 8 адамды тұтқындады. Үкімет оларды Нуршылар деген заңсыз діни топ құрды, экстремистік ұйымға қатысы бар деп айыптап, әрқайсысын 6 жарым жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге түрмеге жапты.
Ол журналистер аталған айыптауларды жоққа шығаруда. Бұл жөнінде мемлекеттік басылымдар жарыса жазуда.
Ал сарапшылардың айтуынша, Фесулла Гүлен мұсылмандарды діни және замануи ғылыми білімді қатар үйренуге шақыруда. Ол экстремизм мен лаңкестікті айыптап, қоғамда төзімділік пен үндестіктің салтанат құруын қолдайды.
Оның қаламынан туындаған 60-тан аса кітаптары діни, ғылыми, ағарту, көркемөнер және спорт тақырыптарына арналған.
Бір кездері оның түрік ғалымы Саид Нурши қозғалысымен аз уақытқа байланыста болғаны бар.
Ресейде тұратын ғалым Илхом Меройовтың айтуынша, Нуршылар деген қозғалыс мүлдем жоқ. Ал, Саид Нурсидің 14 томдық кітаптарында да, Фесулла Гүленнің кітаптарында да экстремизм туралы бір ауыз сөз жоқ.
Олар ғылымды да, Исламды да қатар оқып-зерттеуге шақырған. Олар Түркияның өзінде де саясатқа ешқандай қатыстарының жоқ екендігін дәлелдеп шыққан болатын.
Тәжікстандағы түрік лицейлері биылғы жылдың басында жергілікті журналистерді оқу бағдарламаларын тексеруге шақырып, онда ешқандай қауіпті, күдікті идеялардың жоқ екендігін дәлелдеген.
Ал Түркменстандағы түрік мектептері ел үкіметінің талабын орындап, бағдарламаларындағы дінге қатысты сабақтардың барлығын да алып тастады.
Өзбекстанда болса, ол мектептердің таяу арада қайта ашылатын түрі жоқ. Сарапшылардың пікірінше, олар Өзбек үкіметінің еркін ой иелеріне күдікпен қарайтын саясатының құрбаны болып отыр.
Өзбекстанның саяси сарапшысы Ташбулат Йулдашевтің айтуынша, Өзбекстанның өз ішіндегі әлеуметтік, экономикалық проблемалардан халықтың назарын басқа жаққа аудару үшін Каримовқа жаңа жау қажет болған. Бұдан бұрын да ол мазасызданатындай проблема туындаса осындай жолдармен шешуге тырысатын дейді сарапшы.
Ресми қуғындауларға қарамастан, оқушылардың түрік мектептеріне деген ұмтылысы - жоғары.