ҚДТ-ға бола билік рұқсат етілген митингіні тоқтата ма?
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстандық құқық қорғаушылар Алматы әкімдігіне үш рет хат жазып, соңғысында ғана митингіге рұқсат алды. Алғашына әкімдік "шараның форматы түсініксіз" десе, екіншісіне "жиынға экстремистік қозғалыстың жақтастары қатысатынын анықтадық" деп келісім бермеген. Бірақ әкімдік атаған сол қозғалыстардың жетекшісі Мұхтар Әблязов митингіге жақтастарын тағы шақырды.