Ауғанстандағы тіршілік
АҚШ-тың Ауғанстандағы ірі аэродромы - Баграм.
АҚШ әскери базасының жанындағы Баграм базары. Аэродромнан ұрланған заттар осында сатылады.
Халим Баграм базарындағы дүңгіршекті жалға алған. Ол АҚШ әскери базасында жеті жыл жұмыс істеген. Биыл жұмыстан шығып қалды.
Хомаюн металл сатады. Ол АҚШ әскеріне бес жыл бойы темір жеткізіп тұрды. Бірақ биыл келісімшарт мерзімі аяқталды.
АҚШ әскері кетіп жатқандықтан, сауда жүрмей тұр.
Баграм қаласындағы қоқыстың бірі.
Баграм аэродромының шетіндегі контейнерлер.
"Обама базардың" шетінде сатылып жатқан АҚШ әскери аяқкиімдері.
Кабулдағы "Обама базар". Сауда орны бұрын "Буш базар», оның алдында «Брежнев базар" аталған еді.
Электроника дүңгіршегінің иесі басқа тауарлар сатуға көшкен.
АҚШ әскери базасынан ұрланған азық-түлік базарға шығарылады.
Азық-түліктен бөлек, "Обама базарда" АҚШ әскерінің құрал-жабдығы да сатылады.