Отқа оранған үйлер, есеңгіреген жұрт. Қақтығыстан зардап шеккен қырғыз және тәжік ауылдары
Қырғызстанның Баткен облысындағы Мақсат ауылындағы мына мектеп өртеніп кеткен. 2 мамыр 2021 жыл.
Тәжікстанның Исфара облысы Сомониён ауылындағы қираған үй. 2 мамыр 2021 жыл.
Қырғызстанның Мақсат ауылының тұрғыны қираған үйінде тұр.
Қырғызстан билігінің хабарлауынша, Баткен облысында 78 үй, екі мектеп, фельшерлік пункт, үш шекара бекеті, балабақша, он жанармай станциясы, ішкі істер бөлімшесінің ғимараты, сегіз дүкен өртенген. Сурет 2 мамырда түсірілген.
Тәжікстанның Сомониён ауылындағы қираған үй. 2 мамыр 2021 жыл.
Қырғызстанның Мақсат ауылында қираған үй.
Қырғызстан қақтығыс аймағынан шамамен 50 мың адамдай эвакуацияланғанын мәлімдеді.
Тәжікстан ауылындағы қираған үй.
Душанбе қанша ғимарат зақымданғанын да айтпады. Бірақ зардап шеккен ауылдарға барған журналистер Ходжа Ало ауылындағы өртенген және бұзылған үйлердің суретін жариялады.
Қырғызстанның Мақсат ауылының кіреберісі.
3 мамырдағы жағдай бойынша Баткен облысы тәжік-қырғыз шекарасы маңындағы аудан-ауылдарда жағдай тұрақты. Бұл туралы Қырғызстан ішкі істер министрлігі хабарлады. Сурет 2 мамырда түсірілген.
Тәжікстанның Ходжа Ало ауылындағы өртке оранған баспана. 2 мамыр 2021 жыл.
Қақтығыстан зардап шеккен Қырғызстанның Мақсат ауылына жеткен көмек. 2 мамыр 2021 жыл.
Тәжікстанның Сомониён ауылының тұрғыны өртенген үйінің жанында тұр. 2 мамыр 2021 жыл.
Қырғызстанның Баткен облысында қираған үйлердің бірі.
Қырғызстанда қайтыс болған 34 адамның арасында 12 жасар қыз бала да бар.
Тәжікстанның Сомониён ауылында көліктер де өртенген. 2 мамыр 2021 жыл.
Тәжікстан ауылындағы бүлінген үй.
Қырғыз- тәжік шекарасындағы қақтығыс 28 сәуір кешке басталған. Тәжікстанның бір топ азаматы Көк-Таш маңында, шекарада орналасқан "Головной" су тарату орталығына бақылау камерасын орнатпақ болған. Бұл жағдай төбелеске, одан әрі тас лақтыруға ұласқан. Жанжалға Көк-Таш пен Ходжа Ало ауылының тұрғындары қосылды.
Тәжікстандағы ауылдан түсірілген сурет.
1 мамырда Баткен облысында екі елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеттерінің өкілдері делимитация және демаркация бойынша келіссөз өткізді. Кездесуден соң екі тарап атыс тоқтағанын, қақтығыс аймағына айналған жерлерден әскерилер әкетілгенін хабарлады.